29 қаңтар. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 29 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29 қаңтар. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

Еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады, соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек ҚР солтүстік өңірлеріне солтүстік циклон жырасы әсер етеді, аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-батыста атмосфералық бөліктердің өтуімен жаңбыр және қар түрінде аздаған жауын-шашын жауады, солтүстікте желдің күшеюі, батыста және оңтүстікте – тұман күтіледі.