29 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстанда дүйсенбі, 29 қаңтарда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

29 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

11.00-де Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті келесі заң жобалары бойынша кеңейтілген отырыс өткізеді: «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризммен және экстремизмнің өзге де көріністерімен күрес саласындағы құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы».

11.00-де «Үкімет үйінде» «Салықтық және кедендік әкімшілендірудегі цифрлық технологиялар» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін жаңа жобасының таныстырылымына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

12.30-да Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Дэвис Кубогының Әлемдік тобының 1-раундына арналған баспасөз мәслихаты басталады.

15.00-де ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

16.00-де Қазақстан темір жолы компаниясында 2018 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ пойыз қозғалыстарының қауіпсіздігі туралы брифинг өтеді.

18.30-да Бейбітшілік және келісім сарайында қазақстандық суретші Нұрсұлтан Сейітовтің жеке көрмесі ашылады.

АЛМАТЫ

10.00-де Туризм және қонақжайлылық колледжінде «Туған жер: Қазақстанның ұлы мұрасы» жобасының таныстырылымы өтеді.

11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «ҚР Сақтандыру нарығы - 2019: үрдістер мен сын-тегеуріндер» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

16.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің 2018 жылдың екінші жартыжылдығы туралы отырысы басталады.

19.00-де «GRAND» кітап дүкенінде Досым Сәтпаевтың жеке мәдени-ағарту қоры мен Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығы Берлин Иришевтің «МУЗА DIOR. ИСТОРИЯ АЛЛЫ ИЛЬЧУН. Девушка с казахскими корнями, которая покорила мир моды» (Париж-Алматы) кітабының тұсаукесеріне шақырады.