29 қаңтар. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 29 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

29 қаңтар. Туған күн иелері


null
ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1959) ҚР Қорғаныс министрлігіндегі ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің басшысы Мүсілім Қадылбекұлы ДАИРОВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Тюмень жоғары әскери инженерлік училищесін (1980) бітірген; В.В Куйбышев атындағы әскери-инжерлік академиясының түлегі (1991).
Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінде қызмет атқарды (1980-1984); Орал әскери округінде командалық лауазымдарда болды (1984-1988) ; 1991-1992 жылдары әскери бөлімнің командирі; аға офицер. Қорғаныс министрлігінің инженерлік әскерлерінің бастығы; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің оқ-дәрі арсеналдары бас басқармасы бастығының орынбасары (2002-2004). Инженерлік әскерлер бас басқармасының бастығы; Арнайы күштер бөлімінің бастығы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы әскерлері басқармасының бастығы (2007-2012); Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бас инспекторы. Екінші дәрежелі «Даңқ», «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.


43 жыл
бұрын (1976) ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты Берік Серікұлы ОСПАНОВ дүниеге келген.
Ол Алматы облысында туған, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Агроөнеркәсіп кешені салаларындағы басқару және экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1997 жылы Мыңбаев атындағы тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтың қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтында экономист болып бастаған. 2001-2002 жылдары - Экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру (ЭАӨК) және ауылдық аумақтарды дамыту (ААД) ғылыми-зерттеу институтында (ҒЗИ) аға ғылыми қызметкер. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлім бастығы. 2003-2004 жылдары - ЭАӨК және ААД ҒЗИ директорының ғылым жөніндегі орынбасары. 2004-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК дамыту стратегиясы департаментінің директоры. 2009 жылы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті. 2009-2015 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2015-2016 жылдары - «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссиясының төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдан бері. «Құрмет» орденімен (2012) және «Тыңға 50 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015) және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» (2014) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.


35 жыл
бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Елдос Бигелдіұлы НӘШІРӘЛІ дүниеге келді.

2005 жылы Тараз мемлекеттік педогогикалық универсиетін бітірген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мэсси университетінің (Жаңа Зеландия) түлегі (2009).
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бас сарапшысы (2010-2012); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы (2012); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Баспасөз қызметінің инспекторы (2012-2016).
Қазіргі қызметінде 2016 жылдың шілдесінен бастап.