29 қаңтарда Қазақстанда аязды күн райы сақталып, кейбір жерлерде бұрқасынды жел күшейеді - ауа райы

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Көлемді антициклон Қазақстан аумағының көптеген бөлігіне ықпалын сақтайды, сондықтан 29 қаңтар күні аязды күн райы сақталады, кейбір жерлерде бұрқасыны бар жел күшейеді.

29 қаңтарда Қазақстанда аязды күн райы сақталып, кейбір жерлерде бұрқасынды жел күшейеді - ауа райы

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігі атмосфералық фронттардың аймағында қалады, олармен бірге жауын-шашын, көбінесе қар, екпінді жел, тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Қызылорда, маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Ақмола облысының кейбір жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Атырау облысында, түнде Қарағанды облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түсіп, күндіз аздаған бұрқасын болады.

Жақын тәулікте республиканың оңтүстігі мен шығысының көптеген өзендерінде су деңгейлерінің ауытқуы байқалады. Алматы облысындағы таулардың төменгі өзендерінде жылымық және жаңбырларға байланысты тасқындардың, беткейлік ағындар мен жергілікті жерлердің төмендегі учаскелерін су басуы мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.