29 қараша. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 29 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
Нұрберген ХУДИБАЕВ, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары
1965 жылы туған. Түрікмен халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1985 жылы Түрікменстанның Красноводск қаласындағы «Центрнефтехимремстрой» басқармасында технологиялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету слесарі болып еңбек жолын бастады. 1988-1991 жылдары Красноводск қалалық жылу электр орталығында слесарь, машинист қызметтерін атқарды. 1991-1992 жылдары Красноводск ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясында мемлекеттік салық инспекторы, 1992-1995 жылдары Бекдаш кентінің мемлекеттік салық инспекциясында ревизия бөлімінің бас салық инспекторы болды. 1995-1996 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті басқармасының Қарақия ауданы жөніндегі бөлімінде бас бақылаушы-ревизор, 1996-1999 жылдары Қарақия аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1999-2003 жылдары Қарақия ауданының қаржы комитетін, 2003-2008 жылдары Жаңаөзен қаласының қаржы комитетін басқарды. 2008-2012 жылдары Түпқараған ауданы бойынша салық басқармасының басшысы болды.
Бақыт СҰЛТАНОВ, Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі
1971 жылы Алматы қаласында туған. 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1994 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы нарығындағы бағалы қағаздар басқармасының акционерлендіру және лицензиялау бөлімінде жетекші экономист қызметін атқарды. 1995-2002 жылдары Қаржы министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Бюджет департаменті директорының орынбасары, Мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры, Қазынашылық департаменті директорының орынбасары, Бюджет департаменті директорының орынбасары және Мемлекеттік бюджет департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджет саясаты және жоспарлау департаментін басқарды. 2003-2006 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы, 2007 жылы Қаржы вице-министрі, 2007-2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметтерін атқарды. 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, 2012-2013 жылдары Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болды. 2013-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары әрі Қаржы министрі, 2018-2019 жылдары Астана қаласының әкімі, 2019-2022 жылдары Премьер-Министрдің орынбасары әрі Сауда және интеграция министрі қызметтерін атқарды. 2022-2024 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі болды.
Қазіргі қызметін 2024 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.
2008 жылы «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Еркін МҰХАМЕДЖАНОВ, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
1978 жылы Қостанай облысы Наурызым ауданында туған. 2000 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2000-2001 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалында штаттан тыс тілші, 2001-2002 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының дикторы, 2002-2003 жылдары жаңалықтар қызметінің бас редакторы, 2003 жылы редактор-тілші қызметтерін атқарды. 2003-2005 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Астана дирекциясының Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі болды. 2005-2006 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» телерадио орталығының ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясында редактор-талдаушы, 2006-2007 және 2007-2010 жылдары жаңалықтар қызметінің бас редакторы қызметін атқарды. 2010 жылы тілшілер бөлімінде тілші және арнайы тілші, шығарылым бөлімінде бас редактор болды. 2011 жылы тілшілер бөлімінде тілші, шығарылым бөлімінде бас редактор қызметтерін атқарды. 2012 жылы «Апта.kz» бағдарламасының бас редакторы, 2012-2015 жылдары бағдарламаның жетекшісі болды. 2015-2017 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры, 2017-2018 жылдары Қостанай филиалының директоры, 2018-2022 жылдары «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2023-2025 жылдары «Abai TV» телеарнасының директоры болды.
Қазіргі қызметін 2025 жылғы қарашадан бері атқарып келеді.
Олжас САПАРБЕКОВ, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі
1979 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2001-2006 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылымында жұмыс істеді. 2006-2016 жылдары жеке коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды. 2016-2019 жылдары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында сарапшы, департамент директорының орынбасары болды. 2019-2021 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарды. 2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары, 2023 жылы осы министрліктің Көлік комитеті төрағасының орынбасары болды. 2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2024 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.
Әмірбек ОСПАНБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты
1982 жылы дүниеге келген. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын заңгер мамандығы бойынша, 2012 жылы «Тұран-Астана» университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2000-2007 жылдары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет етті. 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, 2010-2013 жылдары Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің бас консультанты болды. 2013-2019 жылдары Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі орынбасары, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының Кадр жұмысы және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары, 2022-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы болды.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.