29 қараша күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 29 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.30-да Hilton Garden қонақ үйінде «Green Build Central Asia 2023» халықаралық конференциясы өтеді.
10.00-де Marriott қонақ үйінде «Қазақстан жастары – 2023» ұлттық баяндамасының басылымының 11-ші тұсаукесері өтеді.
10.00-де Astana Hub орталығында жыл сайынғы республикалық «Qazdatathon» деректермен жұмыс байқауының финалы өтеді.
11.00-де ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
13.30-да Ritz Carlton қонақ үйінде Орталық Азия елдерінде Еуропалық Одақ пен БҰҰ бастамасының «Жарық сәулесі» өңірлік бағдарламасының қорытынды конференциясы өтеді.
15.00-де Адамдардың мұзға түсіп қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті көшпелі брифинг өткізеді.
15.00-де Астана қаласының мәслихатында Қоғамдық кеңес отырысы өтеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Сен маған керексің» трагикомедиясы қойылады.
19.00-де Жастар театрында «Қиянат» драмасы қойылады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы өтеді.