29 қараша күні өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 қараша күні өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

29 қараша күні өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА.

Сағ. 9.40-та Radisson Hotel Astana қонақ үйінде KazOil 2017 алғашқы конференциясы өтеді. Конференцияның ресми қолдаушылары ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігі, ҚР «Атамекен» ҰКП. Бас серіктесі «Қазақстанның дәнді одағы» заңды тұлғалар бірлестігі.

Сағ. 10.00-де ҚР Қаржы министрлігінде «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 98-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында «Жергілікті өзін-өзі басқаруда бюджетті енгізу» тақырыбында семинар өтеді.

Сағ. 10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді.

Сағ. 10.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде экологиялық ұйымдар қауымдастығының құрылуына арналған баспасөз-конференциясы өтеді.

Сағ. 10.00-де «Көрме» көрме орталығында «Казавтодор-Kaztraffic-2017» халықаралық көрмесі өтеді.

Сағ. 10.00-де «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің сұхбат алаңы қортындысы аясында «Қазақстан жастары-2017» ұлттық баяндамасы таныстырылады.

Сағ. 11.00-де ҚР Парламент Сенатында конституциялық заңнамалар, сот жүйесі және құқыққорғау органдары Комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағ. 12.00-де ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшиннің қатысуымен брифинг өтеді.

Сағ. 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс-Қазақстан облысының экономикалық және рухани жаңғырту жолындағы жоспарлардың жүзеге асырылуына арналған баспасөз-конференциясы өтеді

Сағ. 16.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының Музейінде «Тіл жанашыры-2017» республикалық байқауының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді.

АЛМАТЫ

Сағ. 10.00 «Интерконтиненталь» қонақ үйінде тұрғын үй-құрылыс жинақтау жүйесіне жүзеге асыру мәселелеріне арналған республикалық және өңірлік БАҚ қызметкерлеріне ақпараттық-тәлімдік семинар жұмысын бастайды.

 Сағ. 11.00-де Премьер-Министрдің орынбасары А. Жұмағалиевтің қатысуымен «Қазпошта» АҚ «ИЛЦ ЮГ» сұрыптау орталығына пресс-тур ұйымдастырылады.

Сағ. 11.00-де Almaty Chess Hall шахмат залында ерлер мен әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, халықаралық шебер, қазақстандық шахмашты Жансая Әбдімәлікпен баспасөз мәслихаты өтеді. БАҚ өкілдерімен кездесу 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионатындағы Жансаяның жеңісі құрметіне ұйымдастырылады.

Сағ. 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Депозиттердің қазақстандық кепіл қоры» АҚ-ның баспасөз конференциясы өтеді.

Алматы облысы

Талдықорғанда сағат 10.30-да Көрме павильонында облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен үкіметтік емес ұйымдардың «Бәсекеге қабілеттілік. Прагматизм. Сананың ашықтығы» атты облыстық форумы өтеді.

Форум барысында жыл қорытындысы бойынша ҮЕҰ-ның үздік әлеуметтік жобалары марапатталып, ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қойылады. Сол сияқты облыстағы ҮЕҰ-ның үздік әлеуметтік жобаларының көрме-таныстырылымы қойылып, өңірдегі ҮЕҰ жұмысы туралы деректі фильм көрсетіледі.

Сағ. 17.30-да Талдықорғанда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен «Жастар» Спорт сарайында жыл сайын берілетін «Көшбасшы - 2017» жастар сыйлығы тапсырылады.Облыстың әр қиырында әр салада еңбек етіп, жетістіктерге жеткен жастар марапатталады. Байқау 17 номинация бойынша қорытындыланады.

Ақтөбе облысы

Сағ. 11.00-де  «Ақтөбе ақпарат»  орталығында Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мирболат Райымқұловтың қатысумен баспасөз конференциясы өтеді. Басқарма 10 айдың жұмысын қорытындылайды.

Сағ. 11.00-де  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің ғимаратында«Ашық есік» күндері өтеді.  Шараның мақсаты-жастарды мемлекеттік бағдарламалармен ақпараттандыру.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сағ. 09:15-те Шымкентте №1 облыстық перинаталдық орталығында (Нұрсәт ш/а) Литвадан келген дәрігерлер отандық медицина қызметкерлеріне арнап, «Акушерлік және неонтаталды тиімді көмек көрсету» бойынша мастер-класс өткізеді.