29 қарашаға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады деп күтілуде, көктайғақ болады, тұман түседі, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Ақмола облысында 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел 17-22 м/с-ке күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Ақтөбе, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі, жел 15-22 м/с-ке күшейеді, Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерінде тұман түсуі ықтимал, көктайғақ болады күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Алматы облысында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке күшейеді, жел екпіні 25 м/с болуы мүмкін. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Жақын тәуліктерде Қазақстанның солтүстік бөлігінің көптеген өзендерінде мұз қалыптасу үрдісі жалғасады. Батыс Алтайдың (ШҚО) жекелеген өзендерінде мұз қалыптасуына және жауын-шашын болады деп күтілуіне байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін. Қызылорда облысының аумағында Сырдария өзенінде өзен арналарын реттеу есебінен су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады. Республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысының су нысандарында жоғары температура аясында су жылынады деп күтілуде, Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұзды құбылыстар әлсірейді.