29 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 қазан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
8.00-де «Астана Арена» стадионы маңында Ақмола облысының ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер жәрмеңке өткізеді.
12.00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Көне аспаптарға шолу» дәріс концерті өтеді.
14.00-де Нұр-Сұлтан қуыршақ театрында «Ер Төстік» ертегісі көрсетіледі.
17.00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған баспасөз конференциясы мен концерт өтеді.
18.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Хат» философиялық драмасы қойылады.