29 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 29 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

Сағат 10.00-де Мәжілісте Үкімет сағаты өткізіледі.

12.00-де Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық Қызыл Крест комитетінің вице-президенті Жиль Карбоьенің Астанаға ресми сапары барысында мемлекеттік тілге аударылған 1949 жылғы Женева конвенциясы және соған қосымша хаттамалардың ресми тұсаукесері өткізіледі.

Шараға ҚР мемлекетік органдарының, дипломатиялық корпустың, сонымен бірге қазақстандық ЖОО өкілдері қатысады.

АЛМАТЫ

19.00-де ARTиШОК театрында «Алтын қалам 2018» әдебиет байқауының жеңімпаздары марапатталады.

ШЫМКЕНТ

10. 00-де Rixos Khadisha қонақүйінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті «Қорғаншылық кеңес - қоғамдық бақылаудың құралы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырады. Оған ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тайкенова, ҚР БҒМ комитетінің Сыртқы бағалау басқармасының жетекшісі Жұлдыз Мүсірова, ҚР БҒМ Жоспарлау департаментінің мамандары, сонымен бірге Шымкент қаласындағы мектептердің Қорғаншылық кеңесі, ата-аналар комитеттерінің төрағалары мен мүшелері қатысады.