29 қазан. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 29 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

29 қазан. Туған күн иелері

null
ЕСІМДЕР

102 жыл бұрын (1916-1994) Қазақстанда бокс спортының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқыр БӨЛТЕКҰЛЫ  дүниеге келді.

1946 жылы Шоқыр Бөлтекұлы бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi дәрежесіне жеткен. 200 рет рингке шығып, оның 185-інде жеңіс тұғырынан көтерілген.

95 жыл 
бұрын (1923) ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұзафар ӘЛІМБАЕВ  дүниеге келді.

Павлодар облысының Шарбақты ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1948-1986 жылдары «Пионер» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, «Балдырған» журналының бас редакторы болды. Алғашқы жинағы «Қарағанды жырлары» деген атпен 1952 жылы жарық көрді. Ақынның 52 кітабы шыққан. «Құрбыма», «Лирика», «Менің Қазақстаным», «Жолдар - жырлар», «Жүрек лүпілі», «Өшпес от», «Өлеңдер мен поэмалар», т.б. өлең кітаптары нәзік лиризм мен азаматтық әуенге толы. Әлімбаевтың 300-дей өлеңіне ән жазылған, бірнеше ән кітаптары шыққан. Ақын қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ-олақ», «Шынықсаң - шымыр боларсың», т.б. кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. Әлімбаев мақал-мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді: «666 мақал мен мәтел», «Мақал - сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз - ортақ қазына», «Мақалнама», «Маржан сөз», «Нақылдар», «Батамен ер көгерер». «Халық - ғажап тәлімгер», «Нақылдың төркіннамасы», т.б.жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын-зерттеу саласында «Қалам қайраты», «Көңіл күнделігінен», «Өмір, өнер, өнерпаз», «Толқыннан толқын туады», «Көңіл күнделігі», «Көргендерім көңілде» еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Әлімбаевтың өлеңдері 38 тілге аударылған. Бірнеше ордендермен марапатталған.

65 жыл бұрын (1953) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Нәби Әлиакбарұлы ПАЗЫЛОВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. 1976 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді. 1976 жылғы қазан - 1977 жылғы қазан аралығында ҚазКCР ІІМ органдарында қызмет атқарды. 1978-1988 жылдары ҚазКСР Тұрғын үйі-коммуналдық шаруашылығы министрлігі Республикалық оқу комбинатының шебері, аға шебері, штаттағы оқытушысы. 1989 - 1990 жылдары Алматы қаласы Ленин ауданының прокуратурасында қызмет етті.

1990 - 1998 жылдары - Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі. 1998 - 2002 жылдары Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының судьясы. 2002 - 2014 жылдары Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы. 2014 жылғы қараша айынан қазіргі уақытқа дейін - отставкадағы судья. III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Үш би» құрмет белгісімен (2013)марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 3 ақпандағы № 188 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып табылады.

 59 жыл бұрын (1959) VІ сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мейрам Құдайбергенұлы ПІШЕМБАЕВ  дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітірген, зооинженер. Санкт-Петербург қаласындағы Солтүстік-Батыс ветеринариялық академияны бітірген.

1981-1983 жылдары - СБВИ комсомол комитетінің хатшысы. 1983-1992 жылдары - совхозда бас маман, директор. 1992-1996 жылдары «Ақсу» АҚ басқарма төрағасы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасындағы «Роснефть» өкілдігі басқармасының бас директоры. 1997-1998 жылдары - «Қазнефтеком» ЖШС вице-президенті. 1998-2000 жылдары ПМӨЗ- «Қазақойл» Ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ бас менеджері. 2000-2003 жылдары - ҚР ҰҚК «Казимпекс» республикалық орталығы» ЖАҚ бас директорының орынбасары. 2003-2005 жылдары -  «Siemens AG» компаниясы өкілдігінің атқарушы директоры. 2004-2007 жылдары - «Қазақсельмаш» корпорациясы» директорлар кеңесі басқармасының төрағасы., «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы. 2007-2011 жылдары - IV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. 2012-2016 жылдары - V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

Қазіргі қызметінде - 2016 жылғы наурыздан бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

59 жыл бұрын (1959) Түркістан облысы әкімі аппаратының жетекшісі Әуелхан Елтайұлы ТҰРҒЫМБЕКОВ дүниеге келді.  

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген.

1981-1983 жылдары - Шымкент облысы Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инжинер технологы. 1983-1984 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Ленгір аудандық комитетінің нұсқаушысы. 1984 жылы - Қазақстан ЛЖКО Леңгір аудандық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі. 1984-1985 жылдары - Қазақстан ЛЖКО Ленгір аудандық комитетінің хатшысы. 1985-1988 жылдары - Қазақстан ЛЖКО Шымкент облыстық комитетінің лекторлық тобының меңгерушісі. 1988 жылы - Қазақстан ЛЖКО Шымкент облыстық комитетінің сектор меңгерушісі. 1988 -1991 жылдары - Шымкент облыстық халықтық бақылау комитетінің нұсқаушысы. 1991 жылы - Облыстық халық депутаттары кеңесі ұйымдастыру-кеңес жұмыстары және тұрақты комиссия бөлімінің бас референті. 1991 жылы - Шымкент облыстық халық депуттары кеңесі ұйымдастыру-кеңес жұмыстары және тұрақты комиссия бөлімінің бас маманы. 1992 -1993 жылдары - Шымкент облысы әкімшілігі ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы. 1993 жылы - ОҚО, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары. 1993-1994 жылдары - Төлеби ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары - ОҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі. 1995-1998 жылдары - ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары. 1998-1999 жылдары - ОҚО әкімі аппараты басшысының бірінші орынбасары - ұйымдастыру- инспекторлық бөлімінің меңгерушісі. 1999-2000 жылдары - ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары - ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі. 2000-2002 жылдары - ОҚО әкімі аппаратының басшысының ұйымдастыру - инспекторлық мәселелер бойынша орынбасары. 2002 жылы - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі. 2002-2006 жылдары - ОҚО әкімі аппаратының басшысы. 2006 жылы - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының әкімі. 2007-2009 жылдары - «Нұр Отан» ХДП ОҚО бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2009 жылы - ОҚО әкімінің кеңесшісі. 2009-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданының әкімі.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың қаңтар айынан бері.

58 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Қожахан Көкірекбайұлы ЖАБАҒИЕВ  дүниеге келді.

Жамбыл облысы Шу ауданы Чкалов атындағы колхозда туған.  

КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қырғыз мемлекеттік университетін, Ресей басқару академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Университетті бітіргеннен кейін Жамбыл облысы Шу ауданы Далақайнар совхозының экономисі, бас экономисі болып жұмыс істеген. 1984-1990 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Шу аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1990-1993 жылдары - СОКП ОК-нің жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясының, Ресей басқару академиясының аспиранты. 1993-1998 жылдары - «АД и К» ШК коммерциялық директоры, Жамбыл құс фабрикасының директоры, «Әулие ата құсы» АҚ-ның бас директоры. 1998-2002 жылдары - Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өндірістік сала және инфоқұрылым бөлімінің меңгерушісі. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты басқармасы Мемлекеттік инспекциясының мемлекеттік инспекторы. 2005-2008 жылдары - Алматы қалалық жер басқармасының бастығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының іс басқарушысы. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің кеңесшісі. 2009-2010 жылдары - «Фирма Казинтерсервис» ЖШС президенті. 2010-2012 жылдары - Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі. 2012 - 2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

2016 жылдың наурызынан бері депутат. «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдары, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президенті Алғысының иегері және «Жамбыл облысы Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген. 

58 жыл бұрын (1960) ҚР Израиль мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы Дулат Оразбекұлы ҚУАНЫШЕВ дүниеге келді.

Ақмола облысы Атбасар ауданында туған. Мәскеудегі П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін тәмамдаған.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы. 1991-1992 жылдары - Қазақстанның Ресейдегі Өкілетті өкілдігінің кеңесшісі. 1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Саяси талдау және жоспарлау басқармасының кеңесшісі. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы - баспасөз қызметінің жетекшісі. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісінің кеңесшісі. 1997-1999 жылдары - Жарнама және үйлестіру дирекциясының жетекшісі. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Инвестиция жөніндегі агентігінің директоры, төрағасының орынбасары. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2005-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Австриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдардағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі. 2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметтерін атқарған. 2010 жылдан мамыр айынан - ҚР Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2010 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Шри-Ланка Демократиялық Cоциалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

58 жыл бұрын (1960)«Kazakhmys Holding» ЖШС президенті, кәсіпкер Владимир Сергеевич КИМ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Инженер-құрылысшы, техника ғылымының кандидаты (1997). Бизнес және әкімшілік басқару бойынша философия докторы. Алматы архитектура-құрылыс институтын (1982) бітірген. 1982-1997 жылдары «Алматы өндірістік құрылыс» тресінің 2-құрылыс-монтаж басқармасында тас қалаушы, «Алматықұрылыс» тресінің құрылыс-монтаж басқармасында бас инженер, Алматы қаласы Мәскеу аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ КСР мәдениет, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры бас директорының орынбасары, атқарушы директоры, «Қазақстан-Самсунг» бірлескен кәсіпорны басқармасының төрағасы, «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамының басқарушысы, 1997 жылдан өзінің бастамасымен құрылған Қазақстандағы ең ірі компания - «Қазақмыс» корпорациясының президенті, 2000 жылдан корпорация директорлар кеңесінің төрағасы - корпорация президенті. Экономика, қаржы және маркетинг бойынша Корея, ГФР және Швейцарияда білімін жетілдірген.

Қазіргі қызметінде - 2014 жылдың қараша айынан бастап.  

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) медальдарімен марапатталған.

 

54 жыл бұрын (1964) «Павлодар мұнай-химия зауыты»ЖШС-нің бас директоры Оспанбек Балтабайұлы ӘЛСЕЙІТОВ дүниеге келді.

Үш жоғары білімі бар: Қазақ химия-технологиялық институтын «Отын және көміртекті материалдардың химиялық технологиясы», Инновациялық Еуразия университеті (бакалавриат) және коммерциялық емес білім беру мекемесі КБМ «Алматы менеджмент университеті» «менеджмент» (ғылыми дәрежесі - іскерлік әкімгерлік магистрі) мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 4-ші разрядты оператор, ауысым жетекшісі, технологиялық цех бастығының орынбасары, Павлодар МӨЗ-де мазутты терең өңдеу кешені отын цехының бастығы болып бастады.

2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін Техникалық директордың орынбасары - Өндірістік қызметінің бастығы, Техникалық директордың бірінші орынбасары, Техникалық директор, Павлодар мұнай-химия зауытының бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары - бас инженері.

2016 жылдан 2017 жылға дейін - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай өңдеу департаментінің директоры. 2017 жылдың сәуірінде «Павлодар мұнайхимия зауытын жаңғырту» жобасының жетекшісі болып тағайындалды. 2017 жылдың қарашасында бас директордың міндетін атқарушы болып тағайындалды, желтоқсанда - «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры. ПМХЗ -дағы жұмыс тәжірибесі шамамен 25 жыл.

Бірқатар рационализаторлық ұсыныстардың авторы. 2007 жылы № 3 Ресейлік «Отын және мұнай өнімдерінің химиясы және технологиясы» техникалық журналында еңбегі басылып шықты («КТ-1 каталитикалық крекинг қондырғысының реакторлық блогі жабдықтарын жаңғырту»).

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002) мерейтойлық медалімен, «Зауытқа 30 жыл» (ПМХЗ, 2008), «ҚазМұнайГаз» естелік белгісімен (2010), «Зауытқа 35 жыл» мерейтойлық медалімен (ПМХЗ, 2013), «Құрмет» орденімен (2014ж.), Павлодар облысы 75 жылдығына орай мерейтойлық медалімен (2012), «Қазақстан мәслихатының 20 жыл» медалімен (2014ж), Павлодар қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен (2014ж.), «Атырау мұнай өңдеу зауытының 70 жылдығы» мерейтойлық медалімен (2015ж), «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС 30 жылдығы (2015) мерейтойлық медалімен, «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен (2017) марапатталды.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, 2012 жылдан 2016 жылға дейін №15 сайлау округі бойынша Павлодар қалалық Мәслихатының V-VI шақырылымы депутаты.

Үйленген, үш баласы бар.

54 жыл бұрын (1964) Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Жұмаханұлы АЙТЖАНОВ  дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады.

1994-1995 жылдары Алматы қалалық арбитраж сотының судьясы, 1995-2000 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы, 2000-2002 жылдары Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының төрағасы, 2002-2008 жылдары  Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы, 2008-2010 жылдары  Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы, 2010 жылдың қантар айынан наурыз айына дейін Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, наурыз 2010 жылдан маусым 2011 жылға дейін Ақтөбе облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы, 2011 жылдың 9 маусымынан бастап-2016 жылдың 20 маусымы бойынша Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 маусымдағы Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облыстық соты төрағасы лауазымына тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан полициясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасының судьялар Одағының және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Құрмет» Грамоталарымен  марапатталған. Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталды.

 

35 жыл бұрын (1983) Астана қаласындағы «Сарыарқа» ауданы сотының төрағасы Арман Серіктайұлы ЖҮКЕНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2004), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының әділет институтын (2006) тәмамдаған.

Еңбек жолы: Астана қаласындағы Алматы аудандық сотында сот отырысының хатшысы (2006-2007), ҚР Жоғарғы сотында қоғаммен байланыс және БАҚ-пен байланыс бөлімінің бас сарапшысы (2007), ҚР Жоғарғы соты аппаратының қадағалау алқасының қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас кеңесшісі (2007-2009), Алматы қаласында кәмелеттік жасқа жетпегендердің істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттының судьясы (2009-2014), Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотының судьясы (2014-2015). Қазіргі қызметінде - 2015 жылдың қараша айынан бері.

68 жыл бұрын (1950) түрік саясаткері, Түркияның 2007-2014 жылдардағы он бірінші президенті Абдулла ГҮЛ дүниеге келді.