29 қыркүйек. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 29 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
56 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Әмірханұлы ТӨРЕХАНОВ дүниеге келді.
Шымкент қаласында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын, Қарағанды экономикалық университетін бітірді.
Еңбек қызметі: тарих пәнінің мұғалімі; ҚР Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының және оқу орындарының кадр жұмысы басқармасының бастығы, аппарат басшысының орынбасары; Әкімшілік және бақылау департаментінің және ТМД департаментінің директоры; Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Экономикалық саясат және сауда бөлімі басшысының орынбасары; ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаментінің директоры.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың наурызынан бастап атқарып келеді.
52 жыл бұрын (1972) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Сағынтайқызы БЕЙСЕНОВА дүниеге келді.
Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған. 1996-1998 жылдары Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы, 1998-1999 жылдары Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы, 1999-2002 жылдары Астана қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы, меңгерушісі, 2002-2007 жылдары Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы қызметінде болды. 2007-2009 жылдары Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары – Астана қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары, 2009-2011 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары, 2011-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директоры, 2014-2015 жылдары ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, 2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, 2017-2019 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары, 2019-2020 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2020-2024 жылдары Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болды.
Қазіргі қызметін 2024 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.
49 жыл бұрын (1975) «Жасыл даму» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры Қамбар Тәтібайұлы ОМАРОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысының Жаңатас қаласында туған. Х. Дулати атындағы Тараз университетін «Экономика және басқару» мамандығы бойынша, Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы, ақша айналымы, несие» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 2017-2018 жылдары «Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі, 2019 жылдары «Анталия Бронз Кастинг Корпорация» БК» ЖШҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, 2019-2020 жылдары CSI тобының серіктесі, «CSI kapital» директоры болды. 2020 жылы CSI тобының Басқарушы серіктесі, 2020-2021 жылдары «TSC Global Kazakhstan» Консалтингтік компаниясы» ЖШС Басқарушы серіктесі болды. «Бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат халықаралық орталығы – UNCOCLUP» Консалтингтік компаниясы» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды. 2021-2022 жылдары «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ Бас директорының кеңесшісі.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың сәуірінен бері атқарып келеді.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қаржы сақшысы» II и III степени, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Абай 175 жыл» медальдарімен марапатталған.
43 жыл бұрын (1981) Семей қаласының әкімі Нұрбол Төлегенұлы НҰРСАҒАТОВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылы екінші жоғарғы білімін Л.В. Гочаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетінде алған.
Еңбек жолы: 2005-2008 жылдары қала әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, директор орынбасары, 2008-2011 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, 2011-2012 жылдары Ауыл шаруашылығы Министрлігінің су ресурстары Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2014-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасына, Алматы қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасына және Астана қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасына басшылық жасады. 2020-2021 жылдары Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі, 2021-2022 жылдары Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі болды.
Қазіргі лауазымын 2022 жылдың қазан айынан бастап атқарып келеді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталған (2016).