29 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 29 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.
29 қыркүйек, ДҮЙСЕНБІ
Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлері күні.
Қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. ҚР Президентінің 2012 жылғы Жарлығымен белгіленген. Оны Қазақстанның барлық мәдениет және өнер қызметкерлері атап өтеді.
Бүкіләлемдік аударма күні.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
2 2 жыл бұрын (1992) Дүние жүзі қазақтары құрылтайының алғашқы салтанатты мәжілісі өтті.
2 1 жыл бұрын (1993) Теміртау қаласының маңынан қазақстандық геологтар металл, алтын, қола, молибден концентрациясына және басқа да құнды элементтерге бай мыс кенін тапты.
2 1 жыл бұрын (1993) Венада өткен МАГАТЭ Бас конференциясының 37-ші тұрақты сессиясы Қазақстанды осы халықаралық ұйымға мүше етіп қабылдады.
2 6 жыл бұрын (1988) БҰҰ-ның бейбітшілік орнатушы күштеріне Нобель сыйлығы берілді.
1 4 жыл бұрын (2000) Семейде «Абай күні» атты 1-інші Халықаралық поэзия фестивалі өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Түркия және Жапониядан танымал жазушылар мен ақындар қатысты.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) - ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған.
9 жыл бұрын (2005) Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстандағы Корей Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Иль-су сенім грамотасын тапсырды.
9 жыл бұрын (2005) 1999 жылы өткен ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша шығарылған алғашқы Талдамалық есеп жинағы жарық көрді.
Жинақтың авторы - Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің қолдауымен тұрғын халық саласындағы БҰҰ-ның қоры.
Талдамалық есепте халықтың экономикалық белсенділігі туралы, тілдерді меңгеруі, білім деңгейі туралы мәліметтер алғашқы рет көрсетілген. Сонымен қатар, азаматтардың тұрғын үй жағдайлары, некеге отыруы, үй шаруасындағы әйелдер туралы статистикалық талдаулар жасалған.
9 жыл бұрын (2005) «Эйр Астана» әуекомпаниясының «Tengri» борттық журналының алғашқы саны жарық көрді.
Журналдың алғашқы санында мәдениет, тарих, республикамызда болып жатқан басты оқиғалар туралы мақалалар, қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі берген отандық жұлдыздардың сұхбаттары жазылған және отандық белгілі фотошеберлердің жұмыстарын тамашалауға болады.
5 жыл бұрын (2009) Алматыда «Сталинизм және Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы репрессия» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.
Кітап «Зерде» мен Фридрих Эберт (Германия) қорларының бірлескен жобасы аясында жарық көрген.
Осы уақытқа шейін жабық мұрағат қорларында сақталып келген тергеу материалдарын негізге ала отырып қазақ байларын, ишан, имам, молдаларды, сондай-ақ ұлттық саяси басқарушы топты жою үдерісі жеке адамдардың қайғылы тағдыры арқылы көрсетілген.
Кеңестер Одағының құрамындағы қазақ қоғамы өткен ғасырдың 20-30-жылдары адамзат бұрынғы өз тарихында кездестірмеген зұлматты басынан кешіргені белгілі.
ЕСІМДЕР
7 3 жыл бұрын (1941) «Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығына мүше елдердің жүк тасымалдаушы және экспедиторлар қауымдастығы» одағының төрағасы, экономика ғылымының докторы, Халықаралық көлік академиясының академигі ЕСЕНҒАРИН Нығметжан Қабатайұлы дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Челябі облысында туған. Орал темір жол көлігі инженерлері электромеханикалық институтын, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы институтын бітірген. 1972-1977 жылдары - Қазақ темір жолы бас инженерінің орынбасары, бөлім бастығы. 1977-1982 және 1984-1986 жылдары - Целинный темір жолының бас инженері бастығының орынбасары, бастығы. 1986-1989 жылдары - КСРО Жол қатынасы министрінің орынбасары. 1989-1991 жылдары - Алматы темір жолының бастығы. 1991-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы көлік министрі, Көлік және коммуникация министрі. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары. 1996-2001 жылдары - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясы интеграциялық комитетінің төрағасы. 2001-2002 жылдары - Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы бас хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Тәуелсіз экспедиторлар қауымдастығының президенті. 2002 жылдан бастап «Экономтрансконсалтинг» ЖШС-інің бас директоры, «Магистраль Казахстана» журналының бас редакторы. Қазіргі қызметінде 2010 жылдың наурызынан бастап істейді.
Парасат, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет белгісі», Ресей Федерациясының Достық ордендерімен, медальдармен марапатталған.
11 3 жыл бұрын (1901-1954) итальян ғалымы-физик, Нобель сыйлығының лауреаты ФЕРМИ Энрико дүниеге келді.
1 10 жыл бұрын (1904-1936) орыс жазушысы ОСТРОВСКИЙ Николай Алексеевич дүниеге келді.
7 8 жыл бұрын (1936) итальян саясаткері және ірі кәсіпкер БЕРЛУСКОНИ Сильвио дүниеге келді.
6 3 жыл бұрын (1951) 2006 жылдан Чили президенті Вероника Мишель БАШЛЕ ХЕРИА дүниеге келді.
5 7 жыл бұрын (1957) V шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы РОГАЛЕВ Виктор Павлович дүниеге келді.
Қарағанды облысының Саран қаласында туған. 1981 жылы БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін (Мәскеу қ.) бітірген, тарих және қоғамтану оқытушысы. 1989 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, аспирантураны бітірді, саясаттанушы. 1974 - 1977 жылдары «Қарағанды тұрғын үй құрылысы» тресінің құрылыс материалдары және конструкциялары комбинатының электр слесары болып жұмыс істеген. 1977 - 1981 жылдары БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебінің тыңдаушысы. 1981 - 1985 жылдары Қарағанды облыстық комсомол комитетінің комсомол жұмыстары кабинетінің меңгерушісі, Теміржол аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды обкомының комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі. 1985 - 1994 жылдары - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аспиранты, оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі. 1994 - 1995 жылдары - депутат, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Мемлекеттік құрылыс және аймақтық саясат мәселелері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 1995 - 1996 жылдары - «Қазақстанның Ұлттық конгресі» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, оның міндетін атқарушы. 1996 - 2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2002 - 2003 жылдары - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ президентінің кеңесшісі. 2003 - 2005 жылдары - «Отан» республикалық саяси партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Саяси кеңесінің үйлестіруші хатшысы. 2005 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2007 - 2011 жылдары - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы. 2012 жылғы қантардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Ғылыми дәрежесі: тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. «Құрмет» орденімен марапатталған. Ағылшын, неміс, қазақ (сөздікпен) және орыс тілдерін меңгерген.
5 5 жыл бұрын (1959) Семей қаласының әкімі КӘРІМОВ Айбек Мүталапханұлы дүниеге келді.
Семей облысы Ақсуат ауданының Ерназар ауылында туған. Еңбек жолын зоотехникалық институтты бітіргеннен кейін 1981 жылы Семей облысы Шар ауданы Киров атындағы кеңшарда зоотехник болып бастады. 1982 жылдан 1985 жылдар аралығында Семей облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, содан кейін Семей облысы Шар аудандық комсомол комитетінде бірінші хатшысы, Семей облыстық әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы. 1995 - 2002 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі. 2002 - 2004 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі. 2004 - 2006 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2006 - 2008 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі. 2008 жылғы қыркүйек айынан Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында инвестициялық бағдарламалар үйлестірушісі. 2010 жылғы наурыз айынан 2011 жылғы қаңтар айына дейін Шемонаиха ауданының әкімі. 2011 жылдың қаңтарынан Семей қаласының әкімі болып тағайындалды.
6 5 жыл бұрын (1949) «Астана - жаңа қала» АЭА бас директоры ТИХОНЮК Николай Петрович дүниеге келді.
Ақмола қаласында туған. Целиноград инженерлік-құрылыс иститутын бітірген. 1976-1983 жылдары Целиноград ауыл шаруашылығы институтында зертханашы, аға зертханашы, Целиноград шойын құю зауытында цех бастығы, бас энергетиктің орынбасары, партком хатшысы. 1983-1986 жылдары - Целиноград қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі. 1992-1998 жылдары - Ақмола қаласы әкімшілігі әкімінің бірінші орынбасары, әкімі. 1998-1999 жылдары - Ақмола (Астана) қаласы әкімінің орынбасары. 1999-2002 жылдары - Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі. 2002 жылы - Астана қаласы Тәртіптік кеңестің төрағасы. 2002-2004 жылдары - «Астана - жаңа қала» АЭА бас директоры. 2004 жылы - Астана қаласын дамыту бағдарламасын әкімшілендіру жөніндегі департамент директоры, Астана қаласы күрделі құрылыс департаментінің директоры. 2004-2005 жылдары - Астана қаласы энергетика және су шаруашылығы департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары - «Астана - жаңа қала» АЭА әкімшілендіру департаментінің директоры. 2006-2009 жылдары - ҚР индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2009-2013 жылдары - ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2013 жылдан бері.
«Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.
5 7 жыл бұрын (1957) ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі ЧИРКОВ Владимир Николаевич дүниеге келді.
Жезқазған қаласында туған. Жезқазған құрылыс техникумын, Қарағанды политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 1978 жылдан - Жезқазған облыстық қайталама қарамет учаске бастығы. 1983-1985 жылдары - «Промстрой» тресінде бетон құюшы, инженер-монтер. 1985-1988 жылдары - Жезқазған облыстық студенттік құрылыс жасағының командирі. 1988-1990 жылдары - Никольск қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1990 жылы - «Жезқазған монолитқұрылыс» тресінің бас инженері. 1990-1991 жылдары - Жезқазған облыстық денсаулық сақтау бөлімінің техникалық қадағалау бөлімінің бастығы. 1991 жылы - «Медремстрой» ШК директоры. 1991-1996 жылдары - «Виктория» ЖШС директоры. 1996-1997 жылдары - Жезқазған облысы әкімінің орынбасары. 1997-1998 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі. 1998 жылы - Приозерск қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі. 1998-2001 жылдары - Шахтинск қаласының әкімі. 2001-2002 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры. 2002-2006 жылдары - ҚР индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс комитетінің (2004 жылғы қыркүйектен - Құрылыс істері және ТКШ) төрағасының орынбасары. 2006 жылы - Қарағанды қаласының әкімі. 2006-2007 жылдары - ҚР Премьер-министрінің кеңеесшісі. 2007-2008 жылдары - «Самұрық» холдингі» өнеркәсіп активтерін басқару тобының директоры. 2009 жылдан - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің (2010 жылғы наурыздан - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2011 жылдан бері.
7 4 жыл бұрын (1940) Орал және Гурьев Архиепископы АНТОНИЙ (Москаленко Владимир Иванович) дүниеге келді.