29 қыркүйек. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 29 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

29 қыркүйек. Туған күн иелері

null
ЕСІМДЕР

77 жыл бұрын (1941) мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы, Халықаралық көлік академиясының академигі ЕСЕНҒАРИН Нығметжан Қабатайұлы дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Челябі облысында туған. Орал темір жол көлігі инженерлері электромеханикалық институтын, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы институтын бітірген. 1972-1977 жылдары - Қазақ темір жолы бас инженерінің орынбасары, бөлім бастығы. 1977-1982 және 1984-1986 жылдары - Целинный темір жолының бас инженері бастығының орынбасары, бастығы. 1986-1989 жылдары - КСРО Жол қатынасы министрінің орынбасары. 1989-1991 жылдары - Алматы темір жолының бастығы. 1991-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы көлік министрі, Көлік және коммуникация министрі. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары. 1996-2001 жылдары - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясы интеграциялық комитетінің төрағасы. 2001-2002 жылдары - Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы бас хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Тәуелсіз экспедиторлар қауымдастығының президенті. 2002 жылдан бастап «Экономтрансконсалтинг» ЖШС-інің бас директоры, «Магистраль Казахстана» журналының бас редакторы. 2010 жылдың наурызынан бастап «Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығына мүше елдердің жүк тасымалдаушы және экспедиторлар қауымдастығы» одағының төрағасы.

«Парасат», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі», Ресей Федерациясының «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

69 жыл бұрын (1949) жылдары «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары ТИХОНЮК Николай Петрович дүниеге келді.

Ақмола қаласында туған. Целиноград инженерлік-құрылыс иститутын бітірген. 1976-1983 жылдары Целиноград ауыл шаруашылығы институтында зертханашы, аға зертханашы, Целиноград шойын құю зауытында цех бастығы, бас энергетиктің орынбасары, партком хатшысы. 1983-1986 жылдары - Целиноград қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі. 1992-1998 жылдары - Ақмола қаласы әкімшілігі әкімінің бірінші орынбасары, әкімі. 1998-1999 жылдары - Ақмола (Астана) қаласы әкімінің орынбасары. 1999-2002 жылдары - Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі. 2002 жылы - Астана қаласы Тәртіптік кеңестің төрағасы. 2002-2004 жылдары - «Астана - жаңа қала» АЭА бас директоры. 2004 жылы - Астана қаласын дамыту бағдарламасын әкімшілендіру жөніндегі департамент директоры, Астана қаласы күрделі құрылыс департаментінің директоры. 2004-2005 жылдары - Астана қаласы энергетика және су шаруашылығы департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары - «Астана - жаңа қала» АЭА әкімшілендіру департаментінің директоры. 2006-2009 жылдары - ҚР индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2009-2013 жылдары - ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі төрағасының орынбасары. 2013-2014 жылдары - «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» АҚ директорының кеңесшісі; 2014-2015 жылдары «Мемсараптама» РМК бас директорының кеңесшісі; 2015-2016 жылдары «Мемсараптама» РМК аппарат басшысы.

Қазіргі қызметінде - 2016 жылғы маусымнан бері.

«Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

53 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры ШӘУКЕНОВА Зарема Кәукенқызы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. 1987 жылы Ленинградтың А.А. Жданов атындағы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әлеуметтану ғылымының докторы, профессор, Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының директоры, Қазақстан әлеуметтанушылары академиясының академигі. 
1987-1997 жылдары - психолог, кадр тұрақтандыру бюросының басшысы, Қарағанды металлургия комбинатының әлеуметтік-психологиялық қызметінің жетекшісі (Теміртау қаласы). 1997-2007 жылдары - «ЦЕССИ-ҚАЗАҚСТАН» салыстырмалы әлеуметтік зерттеу институтының директоры (Астана қаласы). 2007-2010 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің деканы; 2010-2011 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. 2011-2017 жылдары - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры. 2014 - 2016 жылдары - әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, Ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры (қосымша жұмыс ретінде). 2017 жылғы ақпаннан бері қазіргі қызметінде.

52 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі - САҒАДИЕВ Ерлан Кенжеғалиұлы дүниеге келген.

1990 жылы «экономика» мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, біліктілігі экономист - саяси экономияның оқытушысы. 1993 жылы АҚШ Миннесота штаты Миннеаполис қаласындағы Қолданбалы экономика департаменті университетін бітірді, магистр ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы лауазымынан бастады. 1992-1993 жылдары Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД, АҚШ елдерінің кураторы болған. 1993-1994 жылдары АҚШ,Девелопед Технолоджи Рисорс (Миннеаполис штаты) технологиялар маркетингі жөніндегі жобасының жетекшісі болды. 1995-2004 жылдары бизнес салаларында басшылық қызметтер атқарған. 2003-2009 жылдары «Жаңа технологиялар. Қазақстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры. 2004-2012 жылдары Халықаралық бизнес университетінің президенті. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі. 2008-2009 жылдары - «Инвестициялық қор» АҚ тәуелсіз директоры. 2009-2012 жылдары - «Frontier Mining Ltd» директорлар кеңесінің төрағасы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің президенті. 2010 - 2011 жылдары - Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығы академиясының директорлар кеңесінің төрағасы. 2011-2012 жылдары - «Қазақстандық жылжымайтын мүлік» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2014 жылғы ақпаннан тамызға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі. 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі.

2016 жылғы ақпаннан қазіргі қызметінде.

51 жыл бұрын (1967) Қостанай облысы Федоров ауданының әкімі ИСАБАЕВ Тәуба Қайыржанұлы дүниеге келген.

Ақмола облысында туған. 1993 жылы Ақмола инженер-құрылыс институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Ақмола облысы Селетин ауданы «Селетинский» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1996 жылдан бері Селетин, Ерейментау аудандарында әртүрлі мемлекеттік қызметтерді атқарған. 1999 жылы - Ақмола облысы әкімінің аппаратында еңбек еткен. 2004-2005 жылдары - Қостанай облысы әкімінің көмекшісі, 2005-2014 жылдары - Қостанай облысы әкімдігі аппарат басшысының орынбасары, 2014-2016 жылдары - Қостанай ауданының әкімі болған.

Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың шілдесінен бері.

41 жыл бұрын (1977) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аға вице-президенті, қаржы директоры  ҚАСЫМБЕК Ардақ Махмұдұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша, 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің аспирантурасын, 2001 жылы Business School of City University of London оқу орнын тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты (2007).

1998-2000 жылдары - «Қазақстан Халық банкі» ААҚ құрылымдық қаржыландыру департаментінің жетекші банкирі. 2001 жылдан - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ инвестицияларды басқару департаментінің менеджері. 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің менеджері, бас менеджері. 2004 жылдан - салынып жатқан «АМҚЗ» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары. 2005 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары. 2006 жылдан - «ҚазМұнайТеңіз» ХМК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары. 2007 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі атқарушы директоры. 2008 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративік дамыту жөніндегі басқарушы директоры. 2009 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ корпоративтік қаржыландыру және активтерді басқару жөніндегі бас менеджері. 2012 жылдан «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ-ның Корпоративтік қаржыландыру және активтерді басқару жөніндегі директоры. 2013-2016 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. 2016 жылғы тамыздан бері қазіргі қызметінде.

82 жыл бұрын (1936) итальян саясаткері және ірі кәсіпкер, елдің бұрынғы премьер-министрі БЕРЛУСКОНИ Сильвио  дүниеге келді.