29 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.
АСТАНА
10.00-де ЭКСПО-саябақтағы Бейбітшілік және келісім аллеясында Қазақстан халқы Ассамблеясы, Есіл және Алматы аудандарының әкімдіктері Астананың 20 жылдығына арнап «Гүлдене бер, Астана!» атты экологиялық акция өткізеді.
11.00-де «Астананың Rotary клубы» қоғамдық бірлестігі астаналық әкімдікпен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға ыңғайлы Астанадағы алғашқы «Kunshyaq» инклюзивті балалар алаңқайын ашады.
12.00-де Назарбаев Университетінде Astana Atrium Games киберспорт турнирі және Ашық есік күндері өтеді.
13.00-де Тәуелсіздік сарайында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры «Rocket Study» мектебімен жастарға арналған «Rocketfest» ойын-сауық және білім беру фестивалін өткізеді.
АЛМАТЫ
9:00-де «Атакент» көрме кешенінде әйелдер арасында жүгіруден жарыс өтеді. 350 әйел саябақты екі рет айналып, шамамен 8 шақырым жүгіріп өтеді.
10:00-де Нархоз университетінің стадионында «Асыл мұра» бағдарламасы аясында мешіт қызметкерлері арасында спартакиада өтеді.
11:00-де «Балуан Шолақ» спорт кешенінде Қазақстанның спорт делегациясын Джакартаға ІІІ Пара Азия ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтеді.
11:00-де Esentai Mall-да Almaty Urban Farm Festival бірінші қала фермерлігі фестивалі басталады.
11:00-де ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Отбасы күніне арналған «Отбасымызбен музейге» фестивалі ашылады.
11:00-де Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында «Отбасы күніне» арналған мерекелік шара өтеді.
12:00-де «Астана» алаңынан алтыншы рет өтетін «Тур Алматы» халықаралық кәсіби тасжол веложарысы басталады.
ҚЫЗЫЛОРДА
9:00-де Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай қала орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің облыстық жәрмеңкесі өтеді.
10:00-де қалалық ипподромда «Сыр тұлпары» ат бәйгесі басталады.
17:00-де «Еуразия» спорт кешенінде түйе палуандар сайысы өтеді.