29 мамырға арналған маңызды оқиғалар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Ертең елімізде бірқатар маңызды іс-шара өтеді.

Күнтізбе
Фото: Pіxabay.com

АСТАНА

Таңертең сағат 09:00-де ҚР Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді. 

Сағат 11: 0-да Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 14:30-да Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, оның ішінде Қазақстан республикасы кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы сақтау» тақырыбында баспасөз мәслихаты жоспарланып отыр. 

Сағат 15:00-де- 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін: тұжырымдамалық көзқарас және саяси-құқықтық бағалау» атты дөңгелек үстел өткелі отыр.