29 маусым күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 маусым күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Найзағай, жаңбыр, бұршақ, шаңды дауыл және желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік аумақта тұман болжанады, жеп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Түркістан обысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні шаңды дауылмен 25 м/с артады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Қостанай облысының кей жерлеріне түнде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел, бұршақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болжанады, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с артады.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.
Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болжанады.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.