29 НАУРЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 29 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

29 НАУРЫЗ, ЖЕК СЕНБІ

АҚШ-та Вьетнам соғысы ардагерлерінің күні. 1973 жылғы 27 қаңтарда Парижде Вьетнамдағы соғысты тоқтату және бейбітшілікті орнату туралы төртжақты келісімге қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті. Сол жылы америка әскері мен олардың жақтастарын Оңтүстік Вьетнамнан шығару аяқталды. 1973 жылғы 29 наурызда соңғы американдық жауынгер Вьетнамнан кетті. Сондықтан дәл осы күні АҚШ-та Вьетнам соғысы ардагерлерінің күні ретінде атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 20 жыл бұрын (1995) Қазақстан кәсіподақтарының екінші съезі өз жұмысын бастады. 1 9 жыл бұрын (1996) Павлодар облысының Баянауыл ауылында Бұқар жырау Қалқаманұлына ескерткіш ашылды. 1 9 жыл бұрын (1996) Ресей Федерациясының астанасында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей арасындағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа қол қойылды. Сонымен бірге Кеден одағын, энергетика, көлік коммуникациялары, төлем жөніндегі міндеттемелер саласында жалпы құрылымдар жасауға мүмкіндік болды. Тараптар төртжақты шартқа қатысушы елдердің шегіндегі көші-қон жағдайында азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібін енгізу, бір елден екінші елге кедергісіз келіп-кетуді рәсімдеу төңірегінде пікір алысты. 10 жыл бұрын (2005) Павлодарда Қазақстан тарихының негізін қалаушы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Ермұхан Бекмахановтың (1915-1966) 90 жылдығына арналған студенттердің І республикалық олимпиадасы болып өтті. Еліміздің 11 облысынан жиналған 22 болашақ тарихшы ежелгі және қазіргі Қазақстан дамуының негізгі кезеңдері бойынша білім жарыстырып, ғылыми жұмыстарын талқыға салды. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша, олимпиаданың бірінші жүлдесін Ақтөбеден келген студенттер алса, екінші орынды Астана өкілдері, үшінші орынды шымкенттік студенттер иеленді. 9 жыл бұрын (2006) 1913-1918 жылдары ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған «Қазақ» газеті ортамызға қайта оралды. ХХ ғасырдың басында ұлтымыздың азаттық рухының күміс қоңырауы болып, қазақтың көзі, құлағы, үні ретінде тіл қатып, тәуелсіздік идеясын ел арасында пәрменділікпен насихаттаған «Қазақ» газеті Алаштың ұлдары Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың істерін жалғастыруды мақсат етіп отыр. ЕСІМДЕР 12 2 жыл бұрын (1893-1924) Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі, журналист, публицист, аудармашы ЖҮНДІБАЕВ Әбдіхамит дүниеге келді. Ақтөбе облысында туған. Орынбордағы уездік орыс-қазақ мектебін, Орынбор 2 жылдық қазақ мұғалімдер училищесін бітірген. Ақтөбе уезінде ауыл мұғалімі болып қызмет еткен. Осы кезден бастап саяси өмірге белсене араласып, Орынборда шыға бастаған «Қазақ» газетінде Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы мақалалар жариялаған. 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін жалпы қазақ съездерін шақыруға белсене қатысқан. Сол тұста Алаш партиясын құру туралы бағдарламаға Ә.Бөкейханов және тағы да басқалар бірге қол қойған 7 саяси қайраткердің бірі болған. Азамат соғысы жылдары ол Алашорданың Торғай тобында М.Дулатов, М.Есболов, С.Қаратілеуовтермен бірге қызмет атқарған. Алаш милициясын жасақтауға қатысқан. Кеңес үкіметі орнаған соң, баспасөз саласында қызмет еткен. Қоғамдық-саяси әдебиеттерді қазақ тіліне аударуға атсалысқан. 11 9 жыл бұрын (1896-1986) атақты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері ҚУАНЫШБАЕВ Жазылбек дүниеге келді. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. 1936-1967 жылдары - Жамбыл облысы Көктерек, Айдарлы қой өсіретін ұжымшарларында аға шопан. 1948 жылы - әр жүз саулықтан 130-дан төл алған, ал 1958 жылы - әр жүз саулықтан 145-тен қозы алған. Ол өсірген қаракөл қойларының елтірілері халықаралық көрмелерде, жәрмеңкелер мен Дели (Үндістан), Бухарест (Румыния), Познань (Польша), Нью-Йоркте (АҚШ) өткізілген аукциондарда көрсетілді. Оның есімі Қазақстанның Алтын Құрмет кітабына жазылған. Айдарлы ұжымшарында оның қой өсіру жөніндегі тәжірибесін үйрететін алғашқы мектеп ұйымдастырылып, Бірлік ауылында гранит тұғырға бюсті орнатылған. 3-4-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. Ленин орденімен, «Орақ және балға» алтын медалімен және басқа да медальдармен марапатталған. 5 9 жыл бұрын (1956-2004) ақын ӘБІЛДАЕВА Гүлзәкира дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Пионер» журналының редакциясында, Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінің редакциясында, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат», «Білім және еңбек», «Зерде» журналдарында жауапты қызметтер атқарған. 1984-1990 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйі мен Әдебиет қорында жұмыс істеген. 1990-1991 жылдары - «Ақ желкен» журналының редакторы. 1991 жылы - Қазақ телерадиокорпорациясының Қазақ радиосы Шетел жаңалықтары бөлімінің редакторы. 1978 жылы «Балауса» баспасынан «Таңғы дауыс» атты жеке жыр жинағы жарық көрген. 5 5 жыл бұрын (1960) Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің концертмейстері ТӘШІМОВ Полатхан Тохтанұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халықтық бөлімін бітірген, концерттік орындаушы, оқытушы. 1984 жылдан - «Отырар сазы» оркестрінің домбыра тобының концертмейстері. 1987 жылдан «Шежіре» фольклорлық ансамблінің жетекшісі. Қазіргі қызметінде - 1989 жылдан бері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 50 жыл бұрын (1965) самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан, қазақша күрестен спорт шебері, Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық мамандандырылған ұлттық спорт түрлері және олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебінің директоры ЖАРТЫБАЕВ Сәлкен Қалдыбекұлы дүниеге келді. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Шымбұлақ ауылында туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын, Қазақ туризм және спорт академиясын бітірген. Алғашқы жаттықтырушысы Сұлтан Қасымов болды, кейіннен самбодан Марат Жахитовтың, ал дзюдодан Серік Төкеевтің жетекшілігімен жаттыққан. Самбодан КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, КСРО кубогының күміс жүлдегері, Ұлан-Батор қаласында (Моңғолия) өткен «Азия жұлдыздары» турнирінің жеңімпазы. Минскіде өткен дүниежүзілік біріншіліктің күміс жүлдегері атанған. 1994 жылы Алматыда Азия чемпионы атанып, Дүниежүзілік біріншіліктің қола жүлдесіне (Новый сад, Сербия), Еуропа біріншілігінің қола жүлдесіне (Пеневежис, Литва) ие болған. 1992,1993,1994 жылдары Қазақстанның ең үздік самбошысы атанған. 2008 жылы спорт ардагерлері арасында Қазақстанның чемпионы болған. Дзюдодан Қазақстан Республикасы Жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы, Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Жуалы ауданындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2010 жылдың қаңтар айынан. 4 4 жыл бұрын (1971-2006) қаржыгер, банк қызметкері, физик, бизнес және менеджмент магистрі ӘБЕНОВ Қожахан Қожаханұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Мәскеу физика-техникалық институтын, Мэриленд штатының университетін бизнес және менеджмент магистрі дәрежесімен бітірген. «Эдмунд Маски» бағдарламасының жүлдегері. 1996-1997 жылдары - «ABN AMRO Bank Kazakhstan» АҚ-ның бірлескен қаржы басқармасында несиелік талдаушы. 1997-1998 жылдары - Амстердам қаласындағы «ABN AMRO Bank» АҚ-ның мұнайгаз саласындағы жобалық қаржы басқармасының стажері. 1998-2002 жылдары - «ABN AMRO Bank Kazakhstan» АҚ-ның басшының орынбасары, құрылымдық қаржы басқармасының бастығы, банктің басқару мүшесі, мұнайгаз және энергетикалық сектор басқармасының бастығы. 2002-2004 жылдары - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның бас директорының кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның бірлескен даму бойынша басқарушы директоры. 2004-2006 жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. «Халық студенттері» бағдарламасы бойынша Әбенов Қожахан Қожаханұлының атындағы арнаулы стипендия бар. 4 4 жыл бұрын (1971) кескіндемеші, ҚР Көркемсурет академиясының мүшесі, ҚР Суретшлер одағының жстар бірлестігінің мүшесі, ЮНЕСКО жанндағы сыншылар мен өнертанушылар халықаралық қауымдастығының мүшесі АҚАНАЕВА Ботагөз Амандосқызы дүниеге келді. ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі. «Тоқыма, керамиканы енгізе отырып рельефтік кескіндеме жасауға» патенті бар (1997). Бейнелеу өнерінің түрлері - кескіндеме, графика, мүсін, дизайн. 1990-1993 жылдары - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының декораторы. Отандық және халықаралық «Жігер» (Алматы қаласы, 1991), «Рождественские сказки» (Мәскеу қаласы, 1993), «7 галерея» (Мәскеу қаласы, 1995), «АРТ-МИФ» (Мәскеу қаласы, 1993), «ҚР суретшілері» (1998), «Ботагөз Монреалда» (Монреаль қаласы, 1999), «Ұлы көшпенділердің алаулары» (Астана қаласы, 2001), «Реализм шектері» (2004), «Адамдар мен қоныстар» (БҰҰ желісі бойынша, Алматы қаласы, 1994) көрмелеріне қатысқан. Еңбектері «Шығыс галереясында» (Мәскеу қаласы), «Ұласу Артта» (Алматы қаласы), Третьяков галереясында (Мәскеу қаласы), «NordTa» (Монреаль қаласы, Канада), «ОЮ-да» (Алматы қаласы), «Ұмай Тәңіріде» (Алматы қаласы), «Шежіреде» (Астана қаласы), Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында қойылған. Шығармаларының басым көпшілігі әртүрлі техникалар мен материалдарды пайдалану арқылы рельефтік кескіндеме техникасында орындалған. Еңбектері Третьяков галереясы (Мәскеу қаласы), Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы (Алматы қаласы), Виллафамес қазіргі өнер мұражайы (Испания), Монреаль қаласының муниципалдық мұражайы (Канада), Канада генерал-губернаторының мұражайы (2000) жинақтарында, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, АҚШ, Канада, Франция, Испания, Италия, Израиль, Германия, Түркия, Мысыр және басқа да елдердің жекеменшік коллекцияларында сақталған. ҚР Суретшілер одағы жастар бірлестігінің мүшесі. ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық сыншылар және өнертанушылар қауымдастығының (АІСА) толық мүшесі (1996). БҰҰ желісі бойынша арнаулы сыйлықтармен марапатталған. Мәдениет қайраткері. 22 5 жыл бұрын (1790-1862) АҚШ-тың 1841-1845 жылдардағы 10-шы президенті, мемлекеттік және саяси қайраткері Джон ТАЙЛЕР дүниеге келді. 7 9 жыл бұрын (1936) кеңестік және ресейлік актер және кинорежиссер, қоғамдық саяси қайраткер, Ресей халық әртісі ГОВОРУХИН Станислав Сергеевич дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар