29 наурызда бүкіләлемдік «Жер уақыты-2014» шарасы өтеді
Бұл туралы Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) сайтында хабарланған.
Биылғы жылғы шараның басты ерекшелігі - әрбір азаматтың нақты табиғатты қорғау шараларына атсалыса алуында болып отыр. «Жер уақыты» - бұл жер ғаламшарына қамқорлық белгісі ретінде бір сағатқа әлем бойынша жер-жерлерде электр қуатын сөндіруге негізделген акция. Оған өткен жылы дүние жүзінің 150 елінен 2 млрд.-қа жуық адам қатысқан. Шараның ауқымдылығы жылдан-жылға артуда. Біздің елімізде әдетте бұл күні мекемелерде, сауда орталықтарында, мектептерде, колледждер мен университеттерде және тағы да басқа ғимараттарда шамдар сөндіріледі. Аталмыш акция аясында шаруашылықтар мен коммерциялық мекемелер де бір сағатқа электр қуатын ажыратуға шақырылады. Айта кетейік, «Жер уақыты» акциясы - Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін халықаралық іс-шарасы.