29 наурызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы және транзиттік-көлік әлеуетін дамыту тақырыбы қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.
11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Отын-энергетика кешенінің және көліктің тауар нарықтарын монополиясыздандыру шаралары» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов; ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
12.00-де Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы Түркияның Қазақстандағы Елшілігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Түрік шайын таныстыру» шарасын өткізеді.
15.00-де Достық үйінде ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің отырысы өтеді.