29 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 сәуір күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9:00-де Триатлон паркінде «Run for autism» қайырымдылық жүгіру жарысы басталады.
10:00-де Қазақ ұлттық өнер универсетінде балалар арасындағы «Жан DoStar», «Бір аспанның астында - Под небом одним» IV республикалық өнер фестивалі өтеді.
18:00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «ETHNO JAZZ» кеші ұсынылады.
19:00-де Жастар театрында «Махаббат миниатюралары» театрландырылған концерттік бағдарламасы көрсетіледі.