30 сәуір. Тұлғалар туған күн

оқиға
Фото: ҚазАқпарат

Бүгін, 30 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

66 жыл бұрын (1958) ҚР Қарулы Күштері Жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-майор Бақтияр Омарұлы СЫЗДЫҚОВ дүниеге келді.

СЫЗДЫКОВ Бахтияр Омарович
Фото: eurasian-defence.ru

Ташкент қаласында дүниеге келген. 1980 жылы Коломна жоғары артиллериялық командалық училищесін, 1987 жылы «Выстрел» жоғары офицерлер курсын, 1991 жылы Фрунзе атындағы әскери академияны, 2002 жылы РФ ҚК Бас штабы әскери академиясын бітірген.

Офицерлік қызметін Германиядағы Совет әскерлері тобында взвод командирінен бастаған. Түркістан әскери округінде қызмет еткен. Жамбыл облыстық ДОСААФ комитеті төрағасының орынбасары, Артиллериялық батарея командирі, полк штаб бастығының орынбасары болған. Ішкі әскерлер сапында бірқатар жауапты қызметтер атқарған. «Шығыс» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы, Шет тілдері әскери институтының бастығы лауазымдарын атқарған.

ҚР Қорғаныс министрлігінің АҚШ-тағы әскери атташесі, ҚР Қорғаныс министрлігінің НАТО-дағы әскери өкілі болды. ҚР Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы болып 2017-2018 жылдары қызмет етті. Жасына байланысты 2018 жылдың мамыр айында әскери қызметтен босатылды.

II-дәрежелі «Даңқ» орденімен, ҚР мен ССРО медальдарымен марапатталған.

63 жыл бұрын (1961) ҚР Журналистика академиясының академигі, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Александр Юрьевич ТАРАКОВ дүниеге келді.

ТАРАКОВ Александр Юрьевич
Фото: inbusiness.kz

Украинаның Черкасск облысы Чигирин қаласында туған. 1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «журналист» мамандығымен, 1993 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «саясаттанушы» мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы «Ленинская смена» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі болып бастаған. 1987-1991 жылдары «Арай-Заря» қоғамдық-саяси, әдеби-көркем республикалық жастар журналының бөлім редакторы, бас редакторының орынбасары, 1991 жылы Қазақстанның КП ОК «Сұхбат-Позиция» жаршысы бас редакторының орынбасары, 1992-1994 жылдары «АЗиЯ» мемлекетаралық газетінің шолушысы болды. 1998 жылы «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ бас редакторының орынбасары, 2002-2007 жылдары вице-президенті, 2007-2011 жылдары «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ президенті, 2011-2014 жылдары «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2014-2016 жылдары «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы, 2016 жылы «Казахстанская правда» республикалықгазеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2016-2019 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып істеді.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

52 жыл бұрын (1972) Ұлытау облысы экономика басқармасының басшысы Виктория Александровна СТАВИЦКАЯ дүниеге келді.

Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінде дүниеге келген.1990 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, 2001 жылы О

 СТАВИЦКАЯ Виктория Александровна
Фото: baq.kz

.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірген. Мамандықтары: "Мемлекеттік бюджет", "Экономика және менеджмент".

Еңбек жолын 1990 жылы Никольск мемлекеттік сақтандыру инспекциясында II санатты инспектор болып бастаған. Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде, Сәтбаев қаласының қаржы бөлімінде, Жезқазған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде, Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2022 жылы Ұлытау облысының қаржы басқармасы басшысының м.а. қызметін атқарған.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың қарашасынан бастап атқарып келеді.

51 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сегізінші шақырылым , заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапаққызы ШАПАҚ дүниеге келді.

ШАПАК Унзила Шапаковна
Фото: kazguu.kz

Моңғолия Республикасында туған. 1996, 1998 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

Еңбек жолы: 1996-1998 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінің оқытушысы, 2004-2009 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетіндегі Мемлекет және құқық теориясы мен тарих кафедрасының доценті, 2009-2010 жылдары ҚазГЮУ-да кафедра меңгерушісі, 2011-2016 жылдары «Қазақ мемлекеттік заң университеті» АҚ Жоғары заң мектебінің директоры қызметінде болды. 2016-2022 жылдары ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі болды. М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде оқытушы.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурыз айынан бастап атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл», басқа да көптеген медальдармен, грамоталармен марапатталған.

50 жыл бұрын (1974) «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесіРуслан Елубайұлы ТҰРҒАМБАЕВ дүниеге келді.

ТУРГАМБАЕВ Руслан Елубаевич
Фото: samruk-energy.kz

Ақтөбе облысында туған. 1998 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы, 2021 жылы Орталық Азия инновациялық университетін «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы: 1998-2009 жылдары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған ЖЭО турбина цехының негізгі жабдықтарын аралап тексеруші машинисі, турбина цехы бу турбиналарының машинисі, турбина цехы бастығының орынбасары, бас инженері, директоры, 2009-2011 жылдары «Сапа Құрылыс 2007»ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, 2011-2013 жылдары «Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары, 2013-2019 жылдары «БазисЭлектроМонтаж» ЖШС Техникалық директоры, 2019-2021 жылдары «Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы қызметін атқарған. 2022 жылы «Purolite LTD» компаниясында (Ұлыбритания, ҚР мен Орта Азиядағы, Әзербайжан мен Армениядағы өкілдік) негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі өкіл болды.

Қазіргі қызметін 2022 жылғы қараша айынан бастап атқарып келеді.

111 жыл бұрын (1913-1999) – (кейбір деректер бойынша 1912 жылдың 20 желтоқсанында туған) суретші, ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-нің халық суретшісі Әубәкір ЫСМАЙЫЛОВ дүниеге келген.

ИСМАИЛОВ Аубакир
Фото: novoetv.kz

Қарағанды облысында туған. Омбы көркемөнеркәсіп техникумын, Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірген. «Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан») газеті мен Петропавл қаласындағы өлкетану мұражайының суретшісі, Қазақстан Суретшілер одағы ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының суретшісі әрі режиссері қызметтерін атқарған.

Ұлттық кескіндеме өнерінің реалистік бағытындағы суретші, стилі халық шеберлері туындыларымен астасып жатады. «Көртоғай», «Хан Тәңіріндегі жайлау», «Шалкөде алабы» атты шығармалардың авторы. Бірқатар кино фильмдерге де түскен.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

83 жыл бұрын (1941-2021) қоғам қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, Халықаралық Абай атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Халықаралық телевизия және радио академиясының (JATR) академигі Сұлтан Шәріпұлы ОРАЗАЛЫ дүниеге келген.

 ОРАЗАЛЫ Султан Шарипович
Фото: adebiportal.kz

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.

Қазақ радиосы мен телевизиясының редакторы, аға редакторы, бас редакторы қызметтерін атқарған. 1967-1984 жылдары Қазақ телевизиясы бағдарламалар бас редакциясының бас редакторы, 1984-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК мәдениет бөлімінің нұсқаушысы, көркем әдебиет секторының меңгерушісі, 1986-1993 жылдары «Өнер» баспасының директоры, 1993-1995 жылдары ҚР Тіл комитетінің төрағасы, 1995-1997 жылдары Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары, 1997 жылы ҚР Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру департаментінің директоры қызметінде болды. 1998-1999 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Авторлық құқық жөніндегі агенттіктің төрағасы, 2000-2001 жылдары ҚР Әділет министрлігі Авторлық құқық жөніндегі комитет төрағасы, 2001-2005 жылдары ҚР Әділет министрлігі Құқықтық насихат, мемлекеттік тілді дамыту және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры қызметін атқарған.

«Заң - насихат» ЖШС бас директоры болды. Ол ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің, ҚР Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі мемлекеттік комисиясының мүшесі болып сайланған. Қазақстанның ономастикалық, терминологиялық комиссияларының жұмысын басқаруға қатысып, көптеген жер атауларының тарихи қалпына келуіне үлес қосқан. Ондаған әдеби-зерттеу мақалалары, «Өмір шындығы және көркемдік шешім» атты монографиясы, «Авторды қорғау – руханиятты қолдау», «Жүректің көзі ашылса» атты кітаптары, орыс және шетел жазушыларының роман, повестерін қазақшалаған еңбектері жарық көрген.

Соңғы жаңалықтар