29 сәуірде болатын маңызды оқиғалар анонсы

күнтізбе
Фото: ҚазАқпарат

АСТАНА. KAZINFORM  – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда  29 сәуірде күні болатын маңызды шаралардың анонсын ұсынады.

АСТАНА

10:00-де Мәжілісте «Жаңа өнеркәсіптік саясат – өңдеу өнеркәсібін дамытудың сапалы жаңа моделі» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.

Жиында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндама жасайды. Ол бәсекеге қабілетті, өнімділігі жоғары және экспортқа бағдарланған өңдеу өнеркәсібін құруға бағытталған индустрияландыру саясатын кезең-кезеңімен іске асыру туралы ақпарат береді.

15:00-де «Браконьерлікке қарсы күрес» тақырыбында онлайн-трансляция форматында брифинг өтеді.

15:00 -де Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы  елшісінің брифингі өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар