29 ШІЛДЕ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

29 шілде, С ӘР СЕНБІ
Молдова Конституциясы күні. 1994 жылы 29 шілдеде ел парламенті қабылдаған. Тай тілінің ұлттық күні. 1999 жылы 13 шілдеде Таиланд үкіметі 29 шілдені тай тілінің ұлттық күні деп жариялады. Халықаралық жолбарыс күні. Бұл дата 2010 жылы Санкт-Петерборда аталмыш жыртқыш жануардың популяциясын сақтап қалу мәселелері бойынша өткен «Жолбарыс туралы саммит» халықаралық форумында белгіленді. Оны өз жерлерінде жолбарыс мекендейтін 13 мемлекет қолдады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
7 9 жыл бұрын (1936) Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің Қарағанды облысын бөлу туралы қаулысы шықты. Осы құжатқа сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бөлініп шықты. Қарағанды облысының орталығы - Қарағанды қаласы.
7 9 жыл бұрын (1936) Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде Қостанай облысы құрылды. Орталығы - Қостанай қаласы. 2 5 жыл бұрын (1990) Алматыдағы Медеу мұз айдынында «Азия дауысы» музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың бірінші халықаралық байқауы өтті. Бас жүлдені Өзбекстаннан келген «Карс» тобы жеңіп алды. 1993 жылы «Азия дауысы» халықаралық фестивальдар ұйымдастыру федерациясына (ФИДОФ) мүшелікке қабылданды. Аталған байқауға арналған «Алтын домбыра» жүлдесін алғашқы жылдары М.Жүнісова, Н.Есқалиева, 1997 жылы Р.Рымбаева жеңіп алды.
1 5 жыл бұрын (2000) Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды. Ұзақ жылдар бойы қасірет шеккен Қазақстан халқы халықаралық атом зардабының бүкіл ауыртпалығын көтеріп келді. 45 жыл бойы Семей даласында 459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс жасалды. Радиоактивтік сәуледен зардап шеккен жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық қаруланудың құрбандығына шалынды.
10 жыл бұрын (2005) елордада жаңа саябақ ашылды. Ол Қазақстан спорт кешенінің маңында орналасқан. Жалпы аумағы 11,32 га құрайды. Саябақта 2 мың 800 шаршы метрге гүл, 1800 ағаш көшеті отырғызылған. 2 мың 146 шаршы метрді құрайтын балаларға арналған ойын алаңдары мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңдары да бар. Спортшыларға арналған жаттығу орындарында кішігірім теннис корты, баскетбол алаңы, бадминтон ойнайтын алаң қарастырылған. Саябақ орталығында жалпы диаметрі 18 метр болатын субұрқақ орналасқан.
5 жыл бұрын (2010) Астанада «Менің Отаным - Қазақстан» сериясы ауқымында «Баянауыл» кітабы жарық көрді. Көркем безендірілген ғылыми-көпшілік басылымды тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев жазып шықты. Баспа 2006 жылдан «Менің Отаным - Қазақстан» сериясымен тарихи аймақтарымызға арналған кітаптар шығарып келеді. Бұған дейін «Ұлытау», «Ойыл», «Ерейментау», «Қазығұрт», «Отырар» кітаптары жарық көрген. Жамбыл Артықбаевтың кітабында Баянауыл өңірінің бұрынғы және қазіргі тарихынан сыр шертіледі. Таныстырылымға қатысқан зиялы қауым бұл кітап өлкетанушылар мен тарихшыларға ғана емес, өңірдің ерекшелігін білуге құмартқан бүкіл оқырман қауым үшін де пайдалы екенін атап өтті.
5 жыл бұрын (2010) Польшаның Балтық жағалауындағы Ленбе курорттық қалашығында Қазақстанға арналған көрме өтті. Бұл польшалық қала үшін көрменің ерекше экспонаты бай жабдықтарға толы қазақтың нағыз киіз үйі болды. Сондай-ақ «Астана - болашақтың қаласы» және «Қазіргі Қазақстан» фотокөрмелері ұйымдастырылды. Жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыруымен өтіп отырған «Теңіз бен Дала - екі күш» атты көрме Қазақстанның бастамасымен биылғы жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында «Мәдениеттердің жақындасуының халықаралық жылы» аясында Қазақстан мен Польша халықтарының мәдениетін танудағы тағы бір қадам болып табылады. Көрме аясында қазақтың музыка өнерін зерттеуші Александр Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» кітабының тұсаукесері тағы бір айтулы сәт болды.
3 жыл бұрын (2012) Лондондағы Олимпиадада қазақстандық командаға екінші «алтынды» ауыр атлетшіміз Зүлфия Чиншанло әкелді. Ол жалпы көлемі 226 келі салмақты көтеріп, олимпиадалық рекорда орнатты.
2 жыл бұрын (2013) Мемлекеттік комиссия шешімімен Астана ЭКСПО-2017 халықаралық арнайы мамандандырылған көрмесінің жаңа логотипі бекітілді.
2 жыл бұрын (2013) «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде «Біз куәгерміз» атты жаңа кіші зал ашылды. Ол концлагерьде тұтқын болғандардың әйелдеріне арналған. Экспозицияда «АЛЖИР» лагерінде тұтқында болған әйелдердің фотосуреттері, мұрағаттық құжаттары мен жеке заттары ұсынылған.
73 жыл бұрын (1942) КСРО-да Александр Невский, Суворов және Кутузов ордендері тағайындалды.
3 4 жыл бұрын (1981) Әулие Павелдің лондондық шіркеуінде британдық тақ мұрагері ханзада Чарльз Уэльский мен Диана Спенсер ханымның некеге отыру рәсімі өтті.
30 жыл бұрын (1985) М.С.Горбачев кез келген бір жақты ядролық жарылыстарды тоқтату туралы Кеңестер Одағының шешімі туралы мәлім етті. 1986 жылдың 1 қаңтарына дейін мораторий жарияланды.
ЕСІМДЕР 9 2 жыл бұрын (1923-1984) жазушы, аудармашы АНТОНОВ Василий дүниеге келді. Ақмола облысында туған. Ұлы Отан соғысына, Ленинград құрсауын бұзуға қатысқан. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы кітабы - сатиралық әңгімелер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Көркем аударма саласында Ж.Тілековтің «Жоңғар даласында», Ө.Қанахиннің «Дәмелі», Ж.Босақовтың «Дүрбелең» романдарын орыс тіліне тәржімалаған. 6 6 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері ЖҰМАБАЕВ Ермек Жианшаұлы дүниеге келді.
Павлодар облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Павлодар облысында сегіз жылдық мектептің мұғалімі болып бастаған. Павлодар облысындағы Железин ауданының прокуроры болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші шақырылымында Сенат депутаты болып сайланған, 1999 жылғы желтоқсаннан 2005 жылғы желтоқсанға дейін - Заңдар және құқықтық реформа комитетінің төрағасы. 2005 жылғы желтоқсаннан бастап Мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Кеңестің, Заңдар жинағын жасау жөніндегі Үкіметтік комиссияның мүшесі. Парламентаралық Одақтың, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама корольдігінің Парламентімен ынтымақтасу тобының мүшесі.
«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және төрт медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті кызметкері.
60 жыл бұрын (1955) Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің басшысы - бас редакторы СЕМБАЕВ Мағауия Сланбекұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Аққора ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың бірінші орынбасары, бас редактордың міндетін атқарушы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика факультетінің аға оқытушысы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 1997 жылдың қарашасынан. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері. Қазақстан Республикасының мерекелік медальдарымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, бас редакторлардың Г.Толмачев атындағы сыйлығының лауреаты.
4 2 жыл бұрын (1973) ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының балет әртісі ТҰРҒЫНБАЕВА Айтолқын Несіпбекқызы дүниеге келді. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Бурное стансасында туған. А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін (1991); Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын (2003) бітірген.1993 жылдан бері - ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының балет әртісі. 1999 жылдан бері - ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының жанындағы балеттік мектеп-студияның (қазіргі «Қазақстанның Ұлттық балеті» қорының) педагогы. «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған. Е.П.Дягилев атындағы Халықаралық балет әртістері сайысының дипломанты (1992). Қазақстанның «Серпер» Жастар сыйлығының лауреаты. Мына спектакльдер мен концерттік нөмірлерде өнер көрсетті: «Аққу көлі», «Пахита», «Шыңғысханның құштарлық агониясы», «Биле, менің Эсмеральдам», «Паганини тақырыбына рапсодия», «Чайковскийдің I концерті», «Рахманиновтың II концерті», «Гәкку» және т.б.
1 10 жыл бұрын (1905-1961) Біріккен Ұлттар Ұйымының 1953-1961 жылдардағы бас хатшысы Даг Яльмар Агне Карл Хаммаршельд дүниеге келді.
6 1 жыл бұрын (1954) Ресей халық әртісі, композиторы, әншісі КРУТОЙ Игорь Яковлевич дүниеге келді.