29 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
18.30-да «Астана Арена» стадионында футболдан «Super bol» жарысының гранд-финалы өтеді.
19.00-де Болашақ энергиясы мұражайында DJ Imanbek-тің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді, онда ол ATOMSOUND киножобасы мен трегінің премьерасын ұсынады. Баспасөз конференциясынан кейін DJ EXPO жазғы сахнасында өнер көрсетеді.
19.00-де Жастар сарайында «Раневская Астанада» комедиясы қойылады.