29 тамыз күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 тамыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

29 тамыз күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

9.40-та Қорғалжын тасжолы, 16/1 мекенжайындағы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжге түскен жастардың әскери анттарын қабылдау, С. Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Ұлттық қордан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңдарының жобалары және геология саласын дамыту мәселелері қаралады.

10.00-де Astana Hub халықаралық технопаркінде Defence Tech Center ашылу рәсімі өтеді және Қорғаныс министрлігі «Қорғаныс саласындағы үздік инновациялық технология», «Қауіпсіздік пен қорғаныс үшін үздік шешім», «Қорғаныстағы революциялық шешім» номинациялары бойынша Defence Tech Battle байқауының қорытындысын жариялайды.

11.00-де Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде «2023-2024 оқу жылында педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары туралы» онлайн брифинг өтеді.

15.00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

15.00-де Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Өмір сүру сапасын жақсарту, мемлекет, бизнес және азаматтар арасында жаңа әлеуметтік келісімшартты қалыптастыру» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Сағындықова Назгүл Ерікқызы; Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Жақыпова Светлана Қабыкенқызы; БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа; МӘСҚ Бас директоры Кемел Нұрсұлу Мырзагелдіқызы; ЕХӘҚМ Жұмыспен қамту департаментінің директоры Ниязов Асқар Нұрланұлы; Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Арғындықов Дәулет Рашидұлы; ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Абулхатин Ерболат Махамбетұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00-де Конгресс орталықта Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ҚР Конституциясы күніне арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік концерт өтеді.

18.00 Астана қаласының Арбат алаңында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне және Семей полигонының жабылу күніне орай Қазақстандағы АҚШ Миссиясы мен Астанадағы Америка бұрышының қолдауымен мәдени іс-шаралар өтеді.