29 тамыз күні Қазақстанның бір ғана қаласында ауа сапасы нашар болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 тамыз күні Қазақстанның көптеген қалаларындағы метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, Шымкентте жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның жерге жақын орналасқан қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.