09:07, 04 Қазан 2012 | GMT +5
29 жастағы құрылысшы тоққа түсіп, мерт болды
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Медеу ауданында орта мектеп ғимаратының құрылыс басында мұнаралы кранның ішінде болған 29 жастағы жұмысшыны тоқ соқты.

ҚР ТЖМ-нан хабарланғандай, ол оқиға орнында көз жұмды.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында «Орал-Жолқұрылыс» АҚ-ның өндірістік базасында 200 литрлік металды сыйымдылықты арнайы құралмен кесу кезінде оның ішіндегі жаңғыш заттың буы тұтанды. Салдарынан «Орал-Жолқұрылыс» АҚ-ның 54 жастағы жұмысшысы күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.