29 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 29 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Pexels

11.00-де «Астана Опера» театрында Президенттік республикалық шырша мерекесі өтеді.

11.00-де Астананың № 68665 әскери бөлімінде ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлеріне қарасты аталған бөлімнің 1000 әскери қызметшісі 24 шақырымдық марш жасайды.

12.00-де «Рэдиссон» қонақ үйінде «Айдаһарды қалай үйретуге болады» ертеңгілік-ертегісі қойылады.

15.00-де елордалық ассамблеяның ұйымдастыруымен Достық SOS балалар ауылының, әлеуметтік осал топтың балаларына, сонымен бірге ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңажылдық қайырымдылық шыршасы өтеді.

16.00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «Jana jyldyk shytyrman» спектаклі көрсетіледі.