29 желтоқсанда «Аэрофлот» 50-ге тарта ішкі және халықаралық рейстерді тоқтатады
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Аэрофлот - ресей авиажелілері» ААҚ 29 желтоқсанда РФ қалаларына, сондай-ақ Еуропаның, Азияның және Солтүстік Американың шет елдеріне ұшырылатын 50-ге тарта рейстерді тоқтатады, деп хабарлады РБК агенттігі.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Варшава, Дрезден, Франкфурт, Берлин, Мюнхен, Прага, Баку, Загреб, Киев, Ыстамбұл, Стокгольм, Анталья, Амстердам, Лондон, Париж, Вена, Ницца, Рим, Нью-Йорк, Токио, Астрахан, Волгоград, Екатеринбор, Кемеров, Краснодар, Қазан, Новосібір, Омбы, Санкт-Петербор, Сочи қалаларына рейстер тоқтатылады.
Бұған ауа райының күрделі жағдайы себеп болып отыр.