292,4 млн теңге сыйақы: «Бәйтерек» холдингі басшыларға берілетін төлемдерді түсіндірді
Мәлім етілгендей, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңына сәйкес холдингтің Директорлар кеңесінің құрамындағы мемлекеттік құрылымдар өкілдеріне сыйақы төленбейді.
«Сыйақылар тек тәуелсіз директорларға ғана төленеді», - деп атап өтеді холдингтен.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (Басқарма) атқарушы органының мүшелеріне 292,4 млн теңге мөлшерінде сыйақы төленген. Бұл төлемдер - Басқарма мүшелеріне 2021 жыл ішінде төленген жалақы мен ынталандыру ақылары. Бұл жерде салықтар ұсталғанға дейінгі сома берілген және көрсетілген кезең ішінде өзгерген Басқарманың 11 мүшесі бойынша төлемдер, сондай-ақ 2021 жылы холдингке қосылған «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның атқарушы органының мүшелеріне төлемдер қамтылған.
«Айта кету керек, барлық төлемдер 2021 жылы жұмыс істеген Директорлар кеңесі мен холдинг Басқармасы мүшелеріне 2021 жылы төленді. Бұл төлемдердің Директорлар кеңесі мен Басқарманың 2022 жылы жұмысын бастаған мүшелеріне қатысы жоқ», - дейді «Бәйтеректен».