292 ауылда ескі медициналық нысандар жаңартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында «Ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы қалай іске асып жатқанын баяндады.

аурухана
Фото: Үкімет

Жоба аясында ауылдық елді мекендерде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымын ашу жоспарланған болатын.

- Бүгінде 467 нысанның құрылысы толық аяқталды. Айта кету керек, 175 нысан бұрын медициналық ғимаратпен қамтылмаған ауылдарда, ал 292 нысан ескірген және бейімделген үй-жайлардың орнына салынды, - деді ол.

Айтуынша, аталған нысандар ашылған соң 80 мыңнан астам азамат қосымша медициналық көмекке қол жеткізген.

- Бұл шаралар ауыл тұрғындары үшін қосымша 456 күндізгі стационар төсек орындарын орналастыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін 174 медицина қызметкері дайындалып, елді мекендерде қызмет көрсетуге жіберілді, - деді министр.

Бұған дейін Павлодар ауылдарында қайтарылған активтер есебінен амбулаториялар салынатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар