295 жолаушысы ажал құшқан «Севол» кемесі су түбінен көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың сәуірінде Оңтүстік Кореяда су түбіне кеткен "Севол" кемесі елдің оңтүстік-батысындағы Мокпо портына әкелінді, деп жазады Би-би-си.

295 жолаушысы ажал құшқан «Севол» кемесі су түбінен көтерілді

Билік өкілдері әлі күнге дейін денесі табылмаған жолаушылардың мүрдесі кемеде болуы мүмкін деген үмітте.

Су сыйымдылығы 7 тоннаға жететін кеме 40 метр тереңдікте жатқан. Оны су түбінен көтеру жұмыстары өткен жылы жазда басталған.

25 наурыз күні «Севол» алып жүк кемесіне тиелген болатын. Енді ол құрғақ докқа жеткізіледі және мамандар апаттың неден болғанын зерттеп, адам мүрделерін іздейтін болады. 
 
 

"Севол" паромы 2014 жылы 16 сәуірде суға кеткен еді. Онда 476 жолаушы болған. Оның 295-і ажал құшты. Марқұм болғандардың көбі саяхатқа шыққан мектеп оқушылары еді. Онда болған 9 адамның денесі әлі күнге дейін табылған жоқ.