«2morrow/Ертең» фестивалінде «Ғажайыптар» фильмі жеңімпаз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні РФ астанасы Мәскеу қаласында өткен тәуелсіз, заманауи «2morrow/ертең» кинофестивалінде итальяндық режиссер Аличе Рорвахердің «Ғажайыптар» фильмі жеңімпаз атанды. Бул туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Қазылар алқасының мүшесі, неміс кино сыншысы Рональд Расттың айтуынша, қазылар өте түсінкті болғандықтан бір ауыздан осы кино картинаға дауыс берген.
«2morrow/Ертең» халықаралық фестивалі 20 қаңтарда басталған.