14:02, 02 Қараша 2017 | GMT +5
3-4 қарашада елордадағы Малахов көшесі жабық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қала көшелерінде кептелістерді болдырмау мақсатында Астана қаласының ІІД елорда тұрғындары мен қонақтарынан бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Малахов көшесіндегі өткелде теміржол төсемін жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты Сусамыр және Жетісай көшелерінің аралығында жатқан Малахов көшесінде қозғалыс 3 қарашада сағат 20:00-де толықтай шектеледі. Қозғалыс 4 қарашада сағат 06:00-де ашылатын болады.
«Жабылған жол учаскесін айналып өту үшін Жаңажол, Өндіріс көшелерімен немесе Солтүстік айналма жолмен жүруға болады», - деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.