3-4 сыныпты астық бағасы тұрақты күйінде қалып отыр

АЛМАТЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/- «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында 3-4 сыныпты астықтың кезекті саудасы өтті,

3-4 сыныпты астық бағасы тұрақты күйінде қалып отыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда сессиясы барысында 3 сыныпты астық үшін наурыз, сәуір, мамыр айларында орындалуы тиіс 23 920 000 теңгелік 24 фьючерстік келісім жасалды. Сауда барысында наурыз айындағы фьючерс бағасы 15700, сәуірлік фьючерс бағасы 15900, мамыр айында орындалатын фьючерс бағасы 15900 теңге көлемінде болды.

4 сыныпты астық саудасында наурыз, сәуір, мамыр айларында орындалуы тиіс 42 393 000 теңгелік 52 фьючерстік келісім жасалды. Ақпан айындағы фьючерс бағасы 13000 теңге болды. Ал сәуірлік фьючерс бағасы кешегі саудамен салыстырғанда 20 теңгеге өсіп, 12400 теңгені құрады. Мамыр айындағы фьючерс бағасы да 50 теңгеге өсіп тоннасына 12400 теңгені құрады.

Биржаның күндізгі сессия айналымында құны 66 313 000 теңгелік, жалпы саны 76 фьючерстік келісім жасалды.