3 адам пневмониядан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 160 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

3 адам пневмониядан көз жұмды

Оған қоса 73 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45265, 489 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32669 жетті.