3 ақпан. Туған күн иелері
Бүгін, 3 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1954) эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі Нағима Қабылқызы ЕСҚАЛИЕВА дүниеге келді.
Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын, Алматы музыкалық училищесін бітірген.
1977-1985 жылдары «Қазақконцерт» жанындағы музыкалық ансамбльдер бірлестігінің, «Гүлдер» ансамблінің әншісі болған. 1985 жылдан Алматы облыстық филармониясы эстрадалық труппасының жетекшісі қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқытушы. Халықаралық эстрада әншілерінің «Алтын Орфей» байқауының, Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты атанған.

57 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы Марат Әблахатұлы ОРАЗАЕВ дүниеге келді.
Семей облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген (1991), инженер-экономист.
Еңбек жолы: 1991 жылдан Қазақ экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының экономисі қызметін атқарды. 1993-1997 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Орталық аппараты Агроөнеркәсіптік кешендерді қаржыландыру және табиғатты қорғау басқармасының жетекші экономисі, бас экономисі, бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, бастығы, 1997-1999 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаменті Бюджеттің орындалуы мен есептілігін қалыптастыру мен талдау басқармасы бастығының орынбасары, Бюджет саясаты басқармасының бастығы, 1999-2002 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы департаменті директорының орынбасары, 2002-2008 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметінде болды. 2008 жылдан – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 2009 жылы Су ресурстары комитеті төрағасының міндеттерін атқарушы, 2011-2012 жылдары ҚР Президентінің Іс басқарушысының орынбасары, 2012-2019 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры, 2019-2021 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қаңтар айынан.
«Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медалімен; Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2005) марапатталған.

46 жыл бұрын (1982) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Қазыбек Құрманғалиұлы ӘЛІШЕВ дүниеге келді.
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылында туған 1995-1999 жылдары – «Нұр» Ақтөбе мемлекеттік емес менеджмент, бизнес және құқық институтында, 1996-1999 жылдары Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінде білім алған.
Еңбек жолын 1998 жылы сот орындаушысы болып бастады. 2000-2003 жылдары Ақтөбе облысы Қобда және Мұғалжар аудандары прокурорының көмекшісі, 2003-2005 жылдары Ақтөбе облысы Темір ауданы прокурорының орынбасары, 2006-2008 жылдары «Бұлан» ЖШС Бас директорының кеңесшісі, 2008-2010 жылдары «ИГС-Сичим» ЖШС БК Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі директоры болып жұмыс істеді. 2010 жылы Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, 2010-2011 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының құжаттаманың орындалуын бақылау бөлімінің меңгерушісі, 2011-2012 жылдары Атырау облысы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 2013-2018 жылдары «ACRB LTD» ЖШС коммерциялық директоры, 2018-2023 жылдары «Арман-М» ШҚ басшысы қызметінде болды.
2023 жылғы наурыздан - VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, III дәрежелі «Адал еңбегі үшін» медалімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, «Қазақстан полициясына 30 жыл» естелік төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Мұғалжар ауданының «Человек года 2017» және «Жомарт жүрек-2018» номинацияларының иегері.

42 жыл бұрын (1982) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Юлия Владимировна КУЧИНСКАЯдүниеге келді.
Целиноград қаласында туған.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Халықаралық қатынастар институтын (2004), Қазақ гуманитарлық-заң университетін (2007) бітірген. Білімі бойынша мамандығы әлеуметтанушы (қосымша мамандығы ағылшын тілі), әлеуметтану ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2002 жылы "ЦЕССИ-Қазақстан "Салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты" ЖАҚ жобалар менеджері болып бастады. 2004-2009 жылдары "ЦЕССИ-Қазақстан "Салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты" ЖШС әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы, 2009-2010 жылдары "Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы"ҚБ директорының орынбасары, 2011-2016 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтану кафедрасының доценті м.а., 2016 жылы "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы " ЖШС директоры қызметін атқарды. 2016-2018 жылдары "Нұр Отан "партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы" ЖМ директоры, 2018 жылы "Нұр Отан "партиясының Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институты" ЖМ директоры, "Нұр Отан "партиясының стратегиялық бастамалар институты"ЖМ директорының бірінші орынбасары-Стратегиялық бастамалар орталығының басшысы қызметінде болды. 2018-2019 жылдары "Nur Otan "партиясының қоғамдық саясат институты" ЖМ директорының орынбасары, 2019 жылы "Nur Otan"партиясы Орталық аппаратының жоспарлау және мониторинг департаментінің директоры, 2019-2021 жылдары "Nur Otan "партиясының қоғамдық саясат институты" ЖМ директоры қызметінде болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурыз айынан бастап атқарып келеді.
ҚР БҒМ "Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгімен (2014), "Ерен еңбегі үшін" медалімен (2017) марапатталған.
