3 ақпан. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1954) эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі Нағима Қабылқызы ЕСҚАЛИЕВА дүниеге келді.
Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын, Алматы музыкалық училищесін бітірген. 1977-1985 жылдары «Қазақконцерт» жанындағы музыкалық ансамбльдер бірлестігінің, «Гүлдер» ансамблінің әншісі болған. 1985 жылдан Алматы облыстық филармониясы эстрадалық труппасының жетекшісі қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқытушылықпен айналысады. Гастрольдік сапармен ТМД, Германия, Моңғолия, Дания, т.б. елдерде болды. Ол Халықаралық эстрада әншілерінің «Алтын Орфей» байқауының, Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты атанған.
58 жыл бұрын (1961-2018) белгілі композитор Әліби Әзербайжанұлы МАМБЕТОВ дүниеге келді.
1984 жылы профессор Ғазиза Жұбанованың «музыка композициясы» класы бойынша Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1999 жылдан Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында сабақ берген. , ҚР Орталық мемлекеттік мұражайына қарасты Ғазиза және Ахмет Жұбановтардың шығармашылығын зерттеу орталығының басшысы болды.
56 жыл бұрын (1963) Ақмола облысы әкімінің өндіріс саласы мәселелері жөніндегі орынбасары Василий Леонидович КРЫЛОВ дүниеге келген.
Ол Пермь облысының (РСФСР) Кунгур қаласында туған. Пермь мемлекеттiк педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттiк басқару академиясының жанындағы нарық институтын, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiн бiтiрген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Әр жылдары Атырау облысы әкiмi аппаратының шаруашылық басқармасының директоры, ҚР Президентiнiң Iс басқармасы «Қараөткел» РММ директорының орынбасары, Астана қаласы «Зеленстрой» МКМ коммуналдық шаруашылық департаментi директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.
2005 жылғы қаңтар мен 2007 жылғы қараша аралығында Алматы қаласы Медеу ауданының әкiмi, кейiн 2008 жылғы сәуiрге дейiн Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары болып қызмет атқарды. 2008 жылғы сәуiр мен 2014 жылғы қараша аралығында - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары. 2014-2017 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
Қазіргі лауазымын 2017 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.
42 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Михаил Александрович КОМИССАРОВ дүниеге келді.
1999 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университетті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1999-2014 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық талдау бөлімшелерінде түрлі лауазымда қызмет етті. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің Ақпараттық кеңістікті мониторингтеу департаментінің директоры лауазымына тағайындалды. 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мониторинг басқармасының басшысы. 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директорының орынбасары. 2017 жылдың 10 қантардан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
39 жыл бұрын (1980) Қазақстан Экологиялық ұйымдары қауымдастының президиум төрағасы Әлия Нұрсұлтанқызы НАЗАРБАЕВА дүниеге келген.
Алматы қаласында туған. Фортепиано сыныбы бойынша Күләш Бәйсейітова атындағы республикалық музыка мектебін, Лондон түбіндегі Ричмонд университетінің халықаралық құқық факультетін, Вашингтондағы университеттің халықаралық құқық факультетін, заңгер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы: «Еуропа плюс» радиосы директорының көмекшісі, «ТұранӘлем» банкінің заң департаментінде сынақ мерзімінен өтуші, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлім кеңесшісі, «Алматыфарм» корпорациясының президенті, «Caspian Indutries Ltd» ЖШС-нің бас директоры, «Элитстрой» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы қызметтерін атқарды.
Қазіргі лауазымын 2017 жылғы қарашадан бері атқарып келеді.