3 ақпан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 3 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

6 9 жыл бұрын (1954) эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі Нағима Қабылқызы ЕСҚАЛИЕВА дүниеге келді.

Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын, Алматы музыкалық училищесін бітірген.

1977-1985 жылдары «Қазақконцерт» жанындағы музыкалық ансамбльдер бірлестігінің, «Гүлдер» ансамблінің әншісі болған. 1985 жылдан Алматы облыстық филармониясы эстрадалық труппасының жетекшісі қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқытушы. Халықаралық эстрада әншілерінің «Алтын Орфей» байқауының, Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты атанған.

5 6 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы Марат Әблахатұлы ОРАЗАЕВ дүниеге келді.

Семей облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген (1991), инженер-экономист. Еңбек жолы: 1991 жылдан - Қазақ экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының экономисі. 1993 жылдан - ҚР Қаржы министрлігі Орталық аппараты Агроөнеркәсіптік кешендерді қаржыландыру және табиғатты қорғау басқармасының жетекші экономисі, бас экономисі, бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, бастығы. 1997 жылдан - ҚР Қаржы министрлігі Бюджет департаменті Бюджеттің орындалуы мен есептілігін қалыптастыру мен талдау басқармасы бастығының орынбасары, Бюджет саясаты басқармасының бастығы. 1999 жылдан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы департаменті директорының орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 2008 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушының орынбасары, 2012-2019 жылдар аралығында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медалімен; Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2005) марапатталған.

4 6 жыл бұрын (1977) «Талдау және мониторинг орталығы» РМК директоры Михаил Александрович КОМИССАРОВ дүниеге келді.

1999 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университетті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1999-2014 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық талдау бөлімшелерінде түрлі лауазымда қызмет етті. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің Ақпараттық кеңістікті мониторингтеу департаментінің директоры лауазымына тағайындалды. 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мониторинг басқармасының басшысы. 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директорының орынбасары. 2017 жылдың 10 қаңтардан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары; 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде – 2020 жылдан бастап.


Соңғы жаңалықтар