3 азаматтың өмірін қиған жол-көлік оқиғасы тергелу үстінде

Осы оқиғаға байланысты Астана қалалық ІІД-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз бүгін аталған ведомствода өткен апталық брифингте мәлімет берді.
Оның айтуынша, «Черемушки» саяжай алабынан «Астана-Әуежай» жолына шыққан «Даймлер Крайслер» көлігі Қабанбай даңғылына бұрылмақ болған кезде «Лексус LX-470» көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан екі көлік те жол жиегіне ұшып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Даймлер Крайслер» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы сол жерде қаза тапқан.
«Оқиға орнында қалалық ІІД-нің, Жол полициясы мен Тергеу басқармаларының басшылары, жедел тергеу тобы болды. Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта кімнің кінәлі екендігін анықтау мақсатында трассологиялық және басқа да сараптама жұмыстары жүргізілуде», дейді Н.Ораз.
Алдын ала медициналық сараптама бойынша «Лексус LX-470» көлігінің жүргізушісінің алкогольді ішімдік ішпегендігі анықталып отыр. Ал келесі көліктің жүргізушісінен медициналық сараптамаға қан алынған. Екі көлік те уақытша айып тұрағында тұр.