3 қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбіде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 21 желтоқсан күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.