3 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 қаңтар күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің батысы мен шығысында қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, оңтүстік пен батыста желдің күшеюі, жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады.

Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болжанады.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.