3 қаңтар республиканың күні бірқатар аймақтарында жел күшейіп, бұрқасын болады

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20, таңертен және күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғып, түнде кей жерлерінде жел 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.