3 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 3 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де Н. Назарбаев орталығында «Алтын орда» халықаралық бизнес-клуб» ҚБ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, «Тұғырылхан – Оң хан» корпоративтік қоры орындарының ұйымдастыруымен «Ұлы Даланың жеті қыры: Сібір ұлысы және Тайбұға Қазақстан тарихында» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.
19.00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Джузеппе Вердидің
«Травиата» либереттосы қойылады.
19.00-де «Жастар» театрында У. Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы ұсынылады.