3 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 3 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

3 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-де Қабанбай батыр даңғылы 19 B мекенжайында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Х Съезі өтеді.

10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.

10.00-де «Іскер» бизнес орталығында «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ «Байқаушы – дауыс берудің ашықтығының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

11.30-де елорданың Оқушылар сарайында «Балалар әлемі» республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік бақылау нәтижелері және сертификаттау органдарына қойылатын талаптар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

14.00-де Астана қуыршақ театрында «Мультфильмдер еліне саяхат» қойылымы көрсетіледі.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы ЖРВИ мен тұмау жағдайы және алдын алу шаралары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

18.30-да Forte Kulanshi Art Space көрме орталығында Назарбаев университетінің iGEM студенттер ұйымы Қазақ Ұлттық өнер университетімен бірлесіп, Орталық Азия бойынша алғаш рет биологиялық өнерге арналған көрме өткізеді.

19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында JAIDARMAN көңілді тапқырлар байқауының финалы өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лииркалық комедиясы көрсетіледі.

19.30-да Барыс-Арена алаңында «Барыс» және «Адмирал» хоккей клубтары ойын өткізеді.










Фото: depositphotos.com