3 қазан күні республиканың бірқатар аймақтарында жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қазан күні Қазақстанның көптеген бөліктерінде фронталды бөліктерінің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел күшейеді, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысының кей жерлерінде тұман бақыланады, тек оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
None
None

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с дейін жетеді, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау облысында, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Батыс Қазақстан облысында желдің күші 15-20, кей жерлерінде 25 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде желдің екпіні 17-22 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар