3 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де «Radisson Astana» қонақ үйінде Қазақстанның травматолог-ортопедтерінің халықаралық ІІІ Съезі және травматолог-ортопедтердің VII Евразиялық Конгресі өтеді.
10.00-де ҚР Ұлттық Музейінде «Туған жер» қазақстандық өлкетанушылар бірлестігі» қоғамдық бірлестігі «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты халқаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
10.00-де «Достық Үйінде» елордалық кәсіподақтар орталығы «ҚАУІПСІЗ КӘСІПОРЫН – ДЕНІ САУ ЖҰМЫСКЕР» атты қалалық бастауыш кәсіподақтары Форумын өткізеді.
10.00-де Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында БАҚ өкілдері үшін баспасөз туры өтеді.
11.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке үкіметтік түзетулер таныстырылады.
14.30-да Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Халықаралық музейлер кеңесінің қазақстандық комитеті» Заңды тұлғалар бірлестігінің отырысы өтеді.
15.00 -де ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған әлеуметтік желілерде жарияланған «ІІІ Абай оқулары» жыл сайынғы әдебиет сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
15.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары марапатталады.
АЛМАТЫ
10.00-де «Inter Сontinental» қонақ үйінде «Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу» атты халықаралық форум өтеді.
10.00-де InterContinental Almaty қонақ үйінде боксшы Қанат Исламның бокс кеші қарсаңында ұйымдастырушылардың баспасөз мәслихаты өтеді.
12.00-де Қазақстанның Баспасөз орталығында «EURASIAN KIDS FASHION WEEK» балалар сән апталығы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
18.00-де «Кинопарк» кинотеатрында танымал боксшы Бекзат Саттарханов туралы биографиялық фильмнің таныстырылымы өтеді. Фильм режиссері – Мұрат Бидосов.