3 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 3 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралады.
Трансляция PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі Telegram-каналында жүреді.
14.00-де Нұр-Сұлтан қалалық қуыршақ театрында «Көжек қалай қоян болды?» ертегісі көрсетіледі.