Бүгін Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

аңдатпа
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 3 мамыр күні елордада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

14.30-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ерлікке тағзым – елдіктің белгісі» атты көрме мен дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де ҚР Президенті Іс Басқармасының Президенттік орталығында Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне және Р.Қошқарбаев пен С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған «Атыс қаруы: тапанша тарихы» қор көрмесінің ашылуы өтеді.

17.00-де Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam қарсаңында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында команданың оқу-жаттығу жиындарына баспасөз туры өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Туған күн» комедиясы сахналанады.

19.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Ақан сері туралы аңыз» спектаклі ұсынылады.

19.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония залында «Сағындырған әндер-ай» ретро-фестивалі өтеді.

Соңғы жаңалықтар